Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 3 наурыздағы № 491-VІ "Құрманғазы ауданының кейбір ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 23-VIII шешімі. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 128-VIII (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 25.04.2024 № 128-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 3 наурыздағы № 491-VІ "Құрманғазы ауданының кейбір ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4613 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімде:

      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "Байда ауылдық округі" деген сөздер "Бөкейхан ауылдық округі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) шешімнің 2 қосымшасында:

      "Байда ауылдық округі" деген сөздер "Бөкейхан ауылдық округі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 қосымшалардағы:

      4-тармақта:

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;";

      оныншы абзац алып тасталсын;

      он бірінші абзац алып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Г. Калиева

О внесении изменений в решение районного маслихата от 3 марта 2020 года № 491-VІ "Об утверждении регламентов собраний местного сообщества некоторых сельских округов Курмангазинского района"

Решение Курмангазинского районного маслихата Атырауской области от 17 мая 2023 года № 23-VIII. Утратило силу решением Курмангазинского районного маслихата Атырауской области от 25 апреля 2024 года № 128-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением Курмангазинского районного маслихата Атырауской области от 25.04.2024 № 128-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Курмангазинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение решение районного маслихата от 3 марта 2020 года № 491-VІ "Об утверждении регламентов собраний местного сообщества некоторых сельских округов Курмангазинского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4613) следующие изменения:

      1) в указанном решении:

      в подпункте 2 пункта 1 слова "Байдинского сельского округа" заменить словами "сельского округа Бөкейхан";

      2) в приложении 2 указанного решения:

      слова "Байдинского сельского округа" заменить словами "сельского округа Бөкейхан";

      3) в приложениях 1, 2, 3, 4 ,5, 6, 7:

      в пункте 4:

      в абзац девятый вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      абзац десятый исключить;

      абзац одиннадцатый исключается на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      4) в приложении 2:

      в пункте 14 слово "Типового" исключить на русском языке, текст на казахском языке не меняется;

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Г. Калиева