Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 сәірдегі № 128-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 сәуірде № 5185-06 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Г. Калиева

  Құрманғазы аудандық мәслихатының 2024 жылғы
25 сәуірдегі № 128-VIII шешіміне қосымша

Аудандық мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) Құрманғазы аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 12 шілдедегі № 311-VІ "Құрманғазы ауданының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4217 болып тіркелген);

      2) Құрманғазы аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 3 наурыздағы № 491-VІ "Құрманғазы ауданының кейбір ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4613 болып тіркелген);

      3) Құрманғазы аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 16 қарашадағы № 85-VІI "Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 12 шілдедегі № 311-VI "Құрманғазы ауданының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы";

      4) Құрманғазы аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 16 қарашадағы № 86-VІІ "Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 3 наурыздағы № 491-VI "Құрманғазы ауданының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы";

      5) Құрманғазы аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 мамырдағы № 23-VІІI "Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 3 наурыздағы № 491-VI "Құрманғазы ауданының кейбір ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы";

      6) Құрманғазы аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 мамырдағы № 24-VІІI "Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 12 шілдедегі № 311-VI "Құрманғазы ауданының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады