Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 25.04.2024 № 128-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 12 шілдедегі № 311-VІ "Құрманғазы ауданының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4217 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 қосымшалардағы:
4-тармақта:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;";
оныншы абзац алып тасталсын;
он бірінші абзац алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Г. Калиева |