Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 12 шілдедегі № 311-VІ "Құрманғазы ауданының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 24-VIII шешімі. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 128-VIII (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 25.04.2024 № 128-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 12 шілдедегі № 311-VІ "Құрманғазы ауданының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4217 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 қосымшалардағы:

      4-тармақта:

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;";

      оныншы абзац алып тасталсын;

      он бірінші абзац алып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Г. Калиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады