Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арыс қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 127 "Арыс қаласының жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27364 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Арыс қаласының аумағында ауданішілік бағыттарға жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 1 шақырымға 6 (алты) теңге мөлшерінде белгіленсін.";
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арыс қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Г.Құрманбекова |