Арыс қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 127 "Арыс қаласының жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 10 қазандағы № 535 қаулысы

      Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арыс қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 127 "Арыс қаласының жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27364 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Арыс қаласының аумағында ауданішілік бағыттарға жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 1 шақырымға 6 (алты) теңге мөлшерінде белгіленсін.";

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арыс қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Г.Құрманбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады