"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4 тармағына сәйкес, Арыс қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арыс қаласының жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 50 теңге көлемінде белгіленсін.
2. Арыс қаласының аумағында ауданішілік бағыттарға жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 1 шақырымға 6 (алты) теңге мөлшерінде белгіленсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 10.10.2023 № 535 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арыс қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арыс қаласының әкімі | Г. Курманбекова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Арыс қалалық
мәслихатымен