"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 2 сәуірдегі № 08-02-07/448 ұсынысы негізінде, Көлкент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Түркістан облысы Сайрам ауданының Көлкент ауылдық округі Теспе ауылының К.Жумабай көшесіндегі № 1-16 үйлерден шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 53 "Көлкент ауылдық округі Теспе ауылының К.Жумабай көшесіндегі № 1-16 үйлерге шектеу іс-шаралары белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көлкент ауылдық округі әкімі | У.Юлдашов |