Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі әкімінің 01.08.2023 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашлығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекция басшысы міндетін уақытша атқарушысының 2023 жылғы 02 наурыздағы № 08-02-07/219 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШТІМ:
1. Құтырық ауруының ошағы анықталуына байланысты Көлкент ауылдық округі Теспе ауылының К.Жумабай көшесіндегі № 1-16 үйлерге шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көлкент ауылдық округінің әкімі | У.Юлдашов |