Шектеу іс-шараларын алып тастау және Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 53 "Көлкент ауылдық округі Теспе ауылының К.Жумабай көшесіндегі № 1-16 үйлерге шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 174 шешімі

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 2 сәуірдегі № 08-02-07/448 ұсынысы негізінде, Көлкент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Түркістан облысы Сайрам ауданының Көлкент ауылдық округі Теспе ауылының К.Жумабай көшесіндегі № 1-16 үйлерден шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 53 "Көлкент ауылдық округі Теспе ауылының К.Жумабай көшесіндегі № 1-16 үйлерге шектеу іс-шаралары белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көлкент ауылдық округі әкімі У.Юлдашов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады