"Сарыағаш ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 31 қазандағы № 380 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына және Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 206 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 5/69-VIII "Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6350-13 тіркелген) шешімін қарап, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сарыағаш ауданы Көктерек кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің атауы "Сарыағаш ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      2. Атауы өзгеруіне байланысты "Сарыағаш ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      3. "Сарыағаш ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Абдуллаев

  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 31 қазандағы
№ 380 қаулысына қосымша

"Сарыағаш ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Сарыағаш ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) Көктерек ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      2. Әкімнің аппаратының ведомстволық бағынысты ұйымы: жоқ.

      3. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Әкімнің аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. Әкімнің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Әкімнің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сарыағаш ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің шешімімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Әкімнің аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Көктерек ауылдық округі, Көктерек кенті, М.Ауезов көшесі 20, индексі 160917.

      10. Осы Ереже Әкімнің аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Әкімнің аппаратының құрылтайшысы Сарыағаш ауданы әкімдігі болып табылады.

      12. Әкімнің аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      13. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынас жасауға тыйым салынады

      14. Егер Әкімнің аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Әкім аппаратының мақсаттары мен өкілеттіктері

      15. Мақсаттары:

      Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

      16. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:

      мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

      мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

      мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

      шарттар, келісімдер жасасуға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

      2) Міндеттері:

      Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

      Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, ауылдық округ әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

      қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      17. Функциялары:

      Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      2) бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

      3) жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және әкім мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      4) ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;

      5) жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

      6) ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

      7) жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

      8) ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

      9) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

      10) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

      11) мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

      12) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;

      13) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      14) мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      15) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      Әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

      1) өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      3) шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      4) мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

      5) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

      6) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

      7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      8) аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

      9) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

      10) жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

      11) мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

      12) мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңындаrjltкөзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;

      13) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      14) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

      15) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Әкімнің мәртебесі, өкілеттіктері

      18. Әкімнің аппаратын әкім басқарады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      19. Әкім Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сәйкес сайланады және өкілеттігі тоқтатылады.

      20. Әкімнің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Әкім өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      22. Әкімнің өкілеттіктері:

      1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

      2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

      3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

      4) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

      5) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

      6) ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

      7) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

      8) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

      9) әділет органдары жоқ жергілікті жерлердегі әкім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

      10) жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі әкім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;

      11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

      12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

      13) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;

      14) мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастырады;

      15) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

      16) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

      17) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

      18) мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;

      19) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

      20) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

      21) "Алтын алқа" алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;

      22) жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;

      23) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

      24) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

      25) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

      26) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

      27) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

      28) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

      29) мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      30) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

      31) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      32) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

      33) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

      34) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

      35) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:

      қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;

      қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі.

      36) аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

      37) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

      38) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

      39) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      40) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

      41) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

      42) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

      43) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

      44) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

      45) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

      46) ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

      47) аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдың, ауылдық округтiң авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

      48) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;

      49) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінде көзделген, ауылдық округтің аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолданады;

      50) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы мәселелерін реттейді.

      51) әкімнің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

      23. Әкiм өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихаттың алдында жауап бередi.

      24. Әкім болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      25. Әкім:

      1) Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.

      2) Әкім аппараты туралы Ережені аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;

      3) Әкім аппаратының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

      4) Әкім аппараты қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттілігін белгілейді;

      5) Әкім аппараты қызметкерлерін мадақтайды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;

      6) өз құзыреті шегінде Әкім аппаратының барлық қызметкерлерге міндетті өкім шығарады және нұсқаулар береді;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет етеді және дербес жауап береді.

4. Әкім аппаратының мүлкі

      26. Заңнамада көзделген жағдайларда әкім аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      27. Әкімнің аппаратына бекітіліп берілген мүлік ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.

      28. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқылы.

5. Әкімнің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

      29. Әкімнің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

О некоторых вопросах государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Коктерек Сарыагашского района"

Постановление акимата Сарыагашского района Туркестанской области от 31 октября 2023 года № 380

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат района ПОСТОНОВЛЯЕТ:

      1. Изменить наименование государственного учреждения "Аппарат акима поселка Коктерек Сарыагашского района" на государственное учреждение "Аппарат акима Коктерекского сельского округа Сарыагашского района".

      2. Утвердить положение государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Коктерек Сарыагашского района" в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима сельского округа Коктерек Сарыагашского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию вышеуказанного Положения в органах юстиции;

      2) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Туркестанской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Сарыагашского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района А.Абдуллаев

  Приложение к постановлению
акимата Сарыагашского района
от 31 октября 2023 года № 380

Положение о государственном учреждении "Аппарат акима сельского округа Коктерек Сарыагашского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Коктерек Сарыагашского района" (далее – аппарат акима) является государственным учреждением, обеспечивающим деятельность акима сельского округа Коктерек (далее – аким) и осуществляющим иные функции, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      2. Аппарат акима ведомств не имеет.

      3. Аппарат акима осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат акима является юридическим лицом в организационно – правовой форме государственного учреждения, в соответствии с законодательством Республики Казахстан имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства.

      5. Аппарат акима вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат акима имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Аппарат акима по вопросам своей компетенции, в установленном законодательством порядке, принимает решения, оформляемые решениями акима сельского округа Коктерек и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Аппарата акима утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Туркестанская область, Сарыагашский район, сельский округ Коктерек, поселок Коктерек, улица М.Ауезова 20, индекс 160917.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Аппарата акима.

      11. Учредителем Аппарата акима является акимат Сарыагашского района.

      12. Финансирование деятельности Аппарата акима осуществляется из республиканского и местных бюджетов в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      13. Аппарату акиму запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями аппарата акима.

      14. Если аппарата акима законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан..

2. Задачи и полномочия аппарата акима

      15. Задачи:

      Информационно-аналитическое, организационно-правовое, материально-техническое обеспечение деятельности акима, а также решение вопросов местного значения.

      16. Полномочия:

      1) Права:

      Аппарат акима имеет право, в пределах своей компетенции:

      запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от должностных лиц государственных органов и других организаций;

      приобретать и осуществлять имущественные и неимущественные права;

      пользоваться информационными базами данных органов государственного управления, архивов, научных учреждений;

      заключать договора, соглашения;

      иметь иные права, предусмотренные в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      2) обязанности:

      аппарата акима, в пределах своей компетенции:

      качественно оказывать государственные услуги населению в соответствии с действующим законодательством;

      качественно и своевременно исполнять акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан и иных центральных исполнительных органов, акима и акимата области, района, акима сельского округа;

      осуществлять иные обязанности, предусмотренные действующим законодательством.

      17. Функции:

      Аппарат акима в рамках своей компетенции:

      1) обеспечивает организацию проведения схода местного сообщества, раздельного схода местного сообщества жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома, собрания местного сообщества;

      2) оповещает о времени, месте созыва раздельного схода местного сообщества, схода и собрания местного сообщества и обсуждаемых вопросах не позднее чем за десять календарных дней до дня их проведения через средства массовой информации или иными способами;

      3) обеспечивает исполнение решений, принятых на сходе местного сообщества или собрании местного сообщества и одобренных акимам;

      4) обеспечивает планирование и исполнение бюджета сельского округа;

      5) представляет собранию местного сообщества и в маслихат района отчет об исполнении бюджета сельского округа;

      6) принимает решение о реализации бюджета сельского округа;

      7) разрабатывает и представляет на утверждение собрания местного сообщества программу развития местного сообщества;

      8) выступает заказчиком по строительству, реконструкции и ремонту объектов, относящихся к коммунальному имуществу сельского округа;

      9) осуществляет контроль за целевым и эффективным использованием коммунального имущества местного самоуправления;

      10) осуществляет права субъекта права коммунальной собственности по отношению к коммунальным юридическим лицам местного самоуправления;

      11) устанавливает коммунальному государственному предприятию, имущество которого находится в коммунальной собственности сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления), срок содержания и обеспечения сохранности изъятого имущества до его передачи иному лицу с последующим списанием с баланса;

      12) представляет интересы государства по вопросам коммунального имущества местного самоуправления, осуществляет защиту права собственности сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления);

      13) осуществляет контроль за выполнением доверительным управляющим обязательств по договору доверительного управления коммунальным имуществом местного самоуправления;

      14) осуществляет контроль и анализ выполнения планов развития коммунальных государственных предприятий, имущество которых находится в коммунальной собственности сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления);

      15) организует учет коммунального имущества местного самоуправления, обеспечивает его эффективное использование;

      Аппарат акима по согласованию с собранием местного сообщества:

      1) разрабатывает проекты правовых актов в сфере управления коммунальным имуществом местного самоуправления в пределах своей компетенции;

      2) управляет коммунальным имуществом местного самоуправления, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан, осуществляет меры по его защите;

      3) принимает решение и осуществляет приватизацию коммунального имущества местного самоуправления, в том числе обеспечивает его сохранность в процессе подготовки объекта к приватизации, привлекает посредника для организации процесса приватизации, обеспечивает оценку объекта приватизации, осуществляет подготовку и заключение договоров купли-продажи объекта приватизации и контроль за соблюдением условий договоров купли-продажи;

      4) определяет предмет и цели деятельности коммунального государственного предприятия, имущество которого находится в коммунальной собственности сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления), а также вид коммунального государственного предприятия (на праве хозяйственного ведения или казенное предприятие), осуществляющего такую деятельность;

      5) осуществляет изъятие или перераспределение имущества, переданного коммунальному юридическому лицу местного самоуправления или приобретенного им в результате собственной хозяйственной деятельности;

      6) осуществляет изъятие излишнего, неиспользуемого либо используемого не по назначению имущества коммунальных юридических лиц местного самоуправления;

      7) предоставляет коммунальное имущество местного самоуправления в имущественный наем (аренду), доверительное управление физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа либо с правом последующего выкупа;

      8) принимает решение о создании, реорганизации, изменении наименования и ликвидации коммунальных юридических лиц местного самоуправления по согласованию с акимом района;

      9) дает согласие коммунальному государственному предприятию на отчуждение или распоряжение иным способом, закрепленным за ним имуществом (за исключением продажи произведенной им продукции), создание филиалов и представительств, а также на передачу и списание дебиторской задолженности;

      10) утверждает устав (положение) государственных юридических лиц местного самоуправления, внесение в него изменений и дополнений;

      11) определяет приоритетные направления деятельности и обязательные объемы работ (услуг), финансируемых из бюджета, коммунальных государственных предприятий, имущество которых находится в коммунальной собственности сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления);

      12) рассматривает, согласовывает в случаях, предусмотренных Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", и утверждает планы развития государственных предприятий, имущество которых находится в коммунальной собственности села, сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления), и отчеты по их исполнению;

      13) принимает решения об использовании коммунального имущества местного самоуправления, в том числе о передаче его в залог, аренду, безвозмездное пользование и доверительное управление;

      14) закрепляет коммунальное имущество местного самоуправления за коммунальными юридическими лицами местного самоуправления;

      15) принимает решение об отчуждении коммунального имущества местного самоуправления;

      16) осуществляет иные полномочия, предоставленные законодательством Республики Казахстан.

3. Статус, полномочия акима

      18. Аппарат акима возглавляется акимом, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарата акима задач и осуществление им своих полномочий.

      19. Аким избирается и прекращает полномочия в соответствии с избирательным законодательством Республики Казахстан.

      20. Аким имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      21. Аким определяет обязанности и полномочия заместителя акима в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан;

      22. Полномочия акима:

      1) является должностным лицом соответствующего районного акимата на территории соответствующей административно-территориальной единицы и без доверенности выступает от его имени во взаимоотношениях с государственными органами, организациями и гражданами;

      2) рассматривает обращения, заявления, жалобы граждан, принимает меры по защите прав и свобод граждан;

      3) содействует сбору налогов и других обязательных платежей в бюджет;

      4) содействует исполнению гражданами и юридическими лицами норм Конституции Республики Казахстан, законов, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов;

      5) в пределах своей компетенции осуществляет регулирование земельных отношений;

      6) обеспечивает сохранение коммунального жилищного фонда сельского округа, а также строительство, реконструкцию, ремонт и содержание автомобильных дорог в сельских округах;

      7) содействует организации крестьянских или фермерских хозяйств, развитию предпринимательской деятельности;

      8) в пределах своей компетенции организует и обеспечивает исполнение законодательства Республики Казахстан по вопросам о воинской обязанности и воинской службы, мобилизационной подготовки и мобилизации, а также в сфере гражданской защиты;

      9) аким в местностях, где нет органов юстиции, организует совершение нотариальных действий, регистрацию актов гражданского состояния в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      10) аким в местностях, где нет органов занятости, отмечает безработных в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      11) организует работу по сохранению исторического и культурного наследия;

      12) выявляет малообеспеченных лиц, вносит в вышестоящие органы предложения по обеспечению занятости, оказанию адресной социальной помощи, организует обслуживание одиноких престарелых и нетрудоспособных граждан на дому, координирует оказание им благотворительной помощи;

      13) содействует трудоустройству лиц, освобожденных из учреждений уголовно-исполнительной системы, состоящих на учете службы пробации, а также оказывает им социально-правовую и иную помощь в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      14) организует помощь лицам с инвалидностью;

      15) организует общественные работы, молодежную практику и социальные рабочие места;

      16) организует совместно с уполномоченным органом по физической культуре и спорту и общественными объединениями инвалидов проведение оздоровительных и спортивных мероприятий среди лиц с инвалидностью;

      17) организует совместно с общественными объединениями инвалидов культурно-массовые и просветительские мероприятия;

      18) координирует оказание благотворительной и социальной помощи лицам с инвалидностью;

      19) координирует оказание социально уязвимым слоям населения благотворительной помощи;

      20) содействует кадровому обеспечению сельских организаций здравоохранения;

      21) содействует выделению жилья матерям, награжденным подвеской "Алтын алқа";

      22) организует выполнение общественных работ лицами, осужденными к данному виду наказания, в порядке, определяемом уполномоченным органом в сфере уголовно-исполнительной деятельности;

      23) содействует развитию местной социальной инфраструктуры;

      24) организует движение общественного транспорта;

      25) в случае необходимости оказания неотложной медицинской помощи организует доставку больных до ближайшей организации здравоохранения, оказывающей врачебную помощь;

      26) взаимодействует с органами местного самоуправления;

      27) осуществляет похозяйственный учет;

      28) принимает участие в работе сессий маслихата района при утверждении (уточнении) местного бюджета;

      29) обеспечивает деятельность организаций дошкольного воспитания и обучения, учреждений культуры;

      30) организует в пределах своей компетенции водоснабжение населенных пунктов и регулирует вопросы водопользования;

      31) организует работы по благоустройству, освещению, озеленению и санитарной очистке населенных пунктов;

      32) организует погребение безродных и общественные работы по содержанию в надлежащем состоянии кладбищ и иных мест захоронения.

      33) ведет реестр непрофессиональных медиаторов;

      34) создает инфраструктуру для занятий спортом физических лиц по месту жительства и в местах их массового отдыха;

      35) содействует занятости осужденных, отбывающих наказание в учреждениях уголовно-исполнительной системы, в том числе путем:

      размещения заказов на товары, работы и услуги, производимые, выполняемые и оказываемые предприятиями и учреждениями уголовно-исполнительной системы;

      привлечения субъектов предпринимательства к открытию, расширению и модернизации на территории учреждений уголовно-исполнительной системы производств, использующих труд осужденных.

      36) внесение в районный исполнительный орган предложений по организации транспортного сообщения с районным центром, а также организация бесплатного подвоза учащихся до школы и обратно в сельской местности;

      37) предоставляют переданное в управление районное коммунальное имущество в имущественный наем (аренду) физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа;

      38) определяют приоритетные направления деятельности и обязательные объемы работ (услуг), финансируемых из бюджета, переданных коммунальных государственных предприятий;

      39) обеспечивают сохранность переданного коммунального имущества;

      40) осуществляют управление переданными районными коммунальными юридическими лицами;

      41) согласовывают годовую финансовую отчетность переданного в управление районного коммунального государственного предприятия, утверждаемую решением местного исполнительного органа;

      42) устанавливают цены на товары (работы, услуги), производимые и реализуемые переданными в управление коммунальными казенными предприятиями;

      43) утверждают индивидуальные планы финансирования переданных районных коммунальных государственных учреждений из местного бюджета;

      44) принимают работников по трудовому договору за счет экономии бюджетных средств и (или) поступлений, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о местном государственном управлении и самоуправлении;

      45) составляют и утверждают сводный план поступлений и расходов денег от реализации государственными учреждениями товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении, в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан;

      46) проводят инвентаризацию жилищного фонда сельского округа;

      47) организуют по согласованию с акимом района и собранием местного сообщества снос аварийного жилья села, сельского округа;

      48) оказывают содействие микрокредитованию сельского населения в рамках программных документов системы государственного планирования.

      49) рассматривает дела об административных правонарушениях и налагает административные взыскания за административные правонарушения, предусмотренные в Кодексе Республики Казахстан "Об административных правонарушениях", совершенные на территории сельского округа;

      50) регулирует вопросы административно-территориального устройства в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      51) к ведению акима законодательством Республики Казахстан может быть отнесено решение иных вопросов.

      23. Аким несет ответственность за реализацию возложенных на него функций перед вышестоящим акимом, районным маслихатом по вопросам, отнесенным к его компетенции.

      24. Исполнение полномочий акима в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      25. Аким:

      1) Аким обеспечивает соблюдение сотрудниками аппарата акима норм этики государственных служащих;

      2) представляет на утверждение акимата района Положение о аппарате акима;

      3) назначает на должность и освобождает от должности сотрудников аппарата акима;

      4) определяет обязанности и полномочия работников аппарата акима;

      5) осуществляет в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, поощрение работников аппарата акима, оказание материальной помощи, наложение на них дисциплинарных взысканий;

      6) издает распоряжения и дает указания по вопросам, входящим в его компетенцию, обязательные для выполнения всеми работниками аппарата акима;

      7) противодействует коррупции и несет за это персональную ответственность;

4. Имущество аппарата акима

      26. Аппарат акима может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество аппарата акима формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      27. Имущество, закрепленное за аппаратом акима относится к коммунальной собственности сельского округа (местного самоуправления).

      28. Аппарат акима по согласованию с собранием местного сообщества вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение аппарата акима

      29. Реорганизация и упразднение аппарата акима осуществляется в порядке, определяемом законодательством Республики Казахстан.