Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 206 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 5/69-VIII шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 21 қыркүйекте № 6350-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2), 3)-тармақшаларына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округінен Дархан елді мекенін беру жолымен әкімшілік орталығы Көктерек кентінде болатын Көктерек ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлігі құрылсын.

      2. Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округінің Дархан елді мекенінің 1093,20 гектар жерлері мен Көктерек кентінің 656,03 гектар жерлері Көктерек ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына беріліп, Көктерек ауылдық округінің жалпы көлемі 1749,23 гектар шекарасында белгіленсін.

      3. Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округінің Дархан елді мекенінің 1093,20 гектар жерлерін Көктерек ауылдық округінің шекарасына беру арқылы Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 11684,72 гектар шекарасында белгіленсін.

      4. Осы бірлескен Түркістан облысының әкімдігінің қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды
      Түркістан облыстық
      мәслихатының төрағасы Н. Абишов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады