Қазақстан Республикасы "Жер кодексiнiң" 19, 69 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы 1 тармағы 6) тармақшасына сәйкес және аудандық жер бөлу комиссиясының 29.05.2023 жылғы № 26-02 қорытындысын, жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және оны пайдалану мақсатында Сарыағаш қаласы аумағынан 3,0 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ш.Жуматаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарыағаш қаласының әкімі | М.Доспулов |