Қауымдық сервитут белгілеудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы әкімінің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 307 шешiмi

      Қазақстан Республикасы "Жер кодексiнiң" 19, 69 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабы 1 тармағы 6) тармақшасына сәйкес және аудандық жер бөлу комиссиясының 29.05.2023 жылғы № 26-02 қорытындысын, жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және оны пайдалану мақсатында Сарыағаш қаласы аумағынан 3,0 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ш.Жуматаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сарыағаш қаласының әкімі М.Доспулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады