Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы" бұйрығына, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 5, 2024 жылғы 25 қарашадағы № 7 кезекті отырыстарының хаттамаларына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің 06.12.2024 № 2 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. Өскемен қаласындағы "Үлбі металлургия зауыты" акционерлік қоғамы ауданында Үлба өзені арқылы өтетін көпір құрылымының бұзылуына байланысты, адам шығынына әкеп соғуы мүмкін авариялық жағдайдың туындау қаупімен, объектіде объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі", "Өскемен қаласының қаржы бөлімі", "Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері төтенше жағдай салдарын жою жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті шаралар қабылдасын.
3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып әкімнің орынбасары К.А. Танекенов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізуді тапсырсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Ж. Омар |