Өскемен қаласы әкімінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 2 "Объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 2 шешімі

      ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Өскемен қаласы әкімінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 2 "Объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе бөлігі (кіріспе) жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы" бұйрығына, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 5, 2024 жылғы 25 қарашадағы № 7 кезекті отырыстарының хаттамаларына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласы әкімінің міндетін атқарушы К. Танекенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады