Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Өскемен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 2160 "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Ж. Омар |
Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 07 ақпан № 460 қаулысына қосымша |
"Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 22.01.2024 № 245 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Бөлімнің ведомствосы Өскемен қаласы әкімдігінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан түседі.
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Антон Чехов көшесі, 33, пошталық индексі 070004.
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс (қала) әкімінің мекеменің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша актілер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
3) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын түсіндіруді қамтамасыз ету;
4) ішкі саясат саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
5) ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) қаладағы ішкі саяси процестерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен оларға талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
7) азаматтық қоғам институттарымен, қаланың қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде Қазақатан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан заңнамада белгіленген мерзімдерде ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;
мекеменің қызмет сапасына, тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға қатысты ұсынымдар беру, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жергілікті атқарушы органдардың өз құзіреті шегінде орындалуын бақылау;
мекеменің құзіретіне жататын сұрақтарды, ұсыныстарды, ақпараттарды, шешімдердің жобаларын әкімдіктің қарауына енгізу;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
мемлекеттік органдарымен өткізілетін мекеменің құзыреті мәселелеріне қатысты мәжілістерде, жиналыс пен кеңестерге қатысу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру;
әзірлеуші болып табылатын әкім мен әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу жөнінде уақытылы шаралар қабылдау және оларды қаулының күші жойылды деп тану.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа міндеттерді орындау.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 22.01.2024 № 245 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелікон күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).15. Функциялары:
1) ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде білім, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие беру және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша қаладағы атқарушы органдардың қызметтерін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;
2) ішкі саяси тұрақтылықты, халықтың бірлігін және қоғамның шоғырлануын қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де шаралар кешенін іске асыру;
3) қаладағы ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;
4) әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы қаланың жергілікті атқарушы органының қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
5) Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық топтардың қаладағы қызметін ұйымдастыру, ақпарат насихаттаушы топтарды ақпараттық-әдістемелік қызметті ұйымдастыру;
6) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдары, ғылыми және шығармашыл қауыммен, қоғамдық пікір жетекшілерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
7) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс (әкімдік) жанында әрекет ететін консультативті-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметтерін қамтамасыз ету;
8) қаладағы қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасау және болжау;
9) қаладағы мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындау жөніндегі қызметтерін әдістемелік қолдау және олардың қызметтерін үйлестіру;
10) әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;
11) концептуалдық құжаттарды әзірлеуге, құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша қала әкімі мен әкімдігінің актілерінің жобаларын дайындауға қатысу;
12) жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, мәслихаттармен, облыс, Өскемен қаласы әкімінің аппаратымен, Шығыс Қазақстан облысы халқы Ассамблеясының хатшылығымен бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
13) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық дерекқорды қалыптастыру, жинақтау, қорытындылау және жіктеу;
14) жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде мәселелерді қарау кезінде барлық ұйымдарда мемлекет мүдделерін білдіру;
15) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттарды бұзғаны үшін;
бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындағаны, сақтағаны, әкелгені, тасымалдағаны, таратқаны үшін;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелмеген діни бірлестіктер мен рухани білім беру ұйымдарын жарнама түрінде жасалған жарнама туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін;
Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасын бұзғаны үшін;
Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін;
16) қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, тиісті аумақтарда құрылған діни бірлестіктер мен миссионерлердің қызметін зерделеу, олар туралы деректер банкін құру, олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өңірлік деңгейде ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру, өңірдегі діни ахуалды зерделеу және талдау жүргізу;
17) құзыреті шегінде ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүзеге асыру экстремизмнің алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды іске асыру;
18) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес Бөлімнің қызметінің мәселелерін шешеді;
2) Бөлімнің құрылымын дербес анықтайды;
3) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;
4) Бөлім қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;
5) барлық ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін білдіреді;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
7) заңнамамен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.