Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 07 ақпандағы № 460 "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 245 қаулысы

      Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 07 ақпандағы № 460 "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер енгізілісін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады".

      14-тармақтың 2) тармақшасының 3-абзацысы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "әзірлеуші болып табылатын әкім мен әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу жөнінде уақытылы шаралар қабылдау және оларды қаулының күші жойылды деп тану".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады