Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 95 "Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
келесі мазмұндағы 25-1), 25-2) және 25-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"25-1) Қазақстан Республикасының аттракциондарға арналған Ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдарда есепке алынуға жататын аттракциондарды есепке қою, қайта тіркеу, есептен шығару, пайдалануға жіберу;
25-2) аттракционды пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияға қатысу;
25-3) Өскемен қаласының шекарасы шегінде аттракциондардың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, талаптар (ұйғарымдарын) беру;".
2. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шараларды кабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Ж. Омар |