Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 95 "Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 2762 қаулысы

      Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 95 "Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      14-тармақ:

      келесі мазмұндағы 25-1), 25-2) және 25-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "25-1) Қазақстан Республикасының аттракциондарға арналған Ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдарда есепке алынуға жататын аттракциондарды есепке қою, қайта тіркеу, есептен шығару, пайдалануға жіберу;

      25-2) аттракционды пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияға қатысу;

      25-3) Өскемен қаласының шекарасы шегінде аттракциондардың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, талаптар (ұйғарымдарын) беру;".

      2. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шараларды кабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады