"Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 95 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес "Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылды деп танылсын.

      3. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шараларды кабылдасын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 07.04.2023 № 1110 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 11 қаңтар
№ 95 қаулысына 1 қосымша

"Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) кәсіпкерлік, өнеркәсіп, сауда және ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуметтік-экономикалық саясат салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Антон Чехов көшесі, 33, индекс 070004.

      9. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      1) индустриялық-инновациялық даму, мемлекеттік сауда саясатын, кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту, ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасау.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде сұрау және алу заңда белгіленген мерзімде мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, мекемеге жүктелген функцияларды орындауға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде мекеменің қызмет саласына қатысты ұсынымдар беруге және олардың орындалуын бақылауға;

      әкімдіктің қарауына мекеменің құзыретіне жататын мәселелерді, ұсыныстарды, мәліметтерді, шешімдердің жобаларын енгізу;

      мемлекеттік органдар өткізетін мәжілістерге, кеңестерге және мекеменің құзыретіне жататын отырыстарға қатысуға;

      қаланың жергiлiктi атқарушы органына кәсiпкерлiктi дамытудың, сауда саясаты, аграрлық секторының негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгiзуге;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқығы субьектісінің иелену және пайдалану құқықтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас шешімдерді қабылдауды жүзеге асыруға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттер:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;

      облыс және қала әкімдерінің, әкім орынбасарларының, облыс және қала аппараты басшыларының тапсырмалары мен өкімдерін орындау;

      мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс және қала әкімдігінің қаулыларының, облыс және қала әкімдерінің өкімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      әзірлеушісі Бөлім болып табылатын қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдау.

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен белгілеген тәртіпте өтініштерді, шағымдарды, петицияларды қарау.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 12.07.2024 № 2466 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14. Функциялары:

      1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатын iске асыруды жүзеге асыру;

      2) кәсiпкерлiк мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының сараптамасына қатысуға өтiнiш берген кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу;

      3) қала әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестің қызметін ұйымдастыру;

      4) қалада кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасауды ұйымдастыру;

      5) көрме-жәрмеңке қызметін ұйымдастыру;

      6) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын айқындау және бекіту жөнінде ұсыныстар енгізу;

      7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;

      8) аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуі бойынша ұсыныстар енгізу;

      9) кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу;

      10) Бөлімнің құзыреті шегінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын және орындалуын қамтамасыз ету;

      11) жеке кәсiпкерлiктi және инновацияларды қолдаудың инфрақұрылым объектiлерiн құруды және дамытуды қамтамасыз ету;

      12) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

      13) облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну үшін агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтар саласындағы жедел ақпарат жинау;

      14) осы саладағы заңнамаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;

      15) облыстың жергілікті атқарушы органына есеп беру үшін азық-түлік тауарлары қорларының есебін жүргізу;

      16) "Агроөнеркәсіптік кешенінің үздік маманы" конкурсын өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      17) техникалық байқау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;

      18) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының мониторингін жүзеге асыру;

      19) алып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 07.04.2023 № 1110 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      20) алып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 07.04.2023 № 1110 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      21) алып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 07.04.2023 № 1110 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      22) сауда саясатын жүргізу;

      23) қалада сауда қызметін жүргізуге қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар қабылдау;

      24) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен қарым-қатынастарды дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу;

      25) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау:

      Қазақстан Республикасы заңнамасының темекiні және темекi бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерд, сату, темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету жөнiндегi, сондай-ақ темекi бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді имитациялайтын тауарларды өндiру, сату және тарату жөнiндегi талаптарын бұзғаны үшін;

      белгіленбеген жерлерде сауда жасау;

      25-1) Қазақстан Республикасының аттракциондарға арналған Ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдарда есепке алынуға жататын аттракциондарды есепке қою, қайта тіркеу, есептен шығару, пайдалануға жіберу;

      25-2) аттракционды пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияға қатысу;

      25-3) Өскемен қаласының шекарасы шегінде аттракциондардың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, талаптар (ұйғарымдарын) беру;

      25-4) шығармашылық индустрияны дамыту.

      26) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сот және өзге де ұйымдарда Бөлімнің, жергілікті атқарушы органның мүдделерін білдіру;

      27) Бөлімнің құзыреті шегінде қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

      28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 07.04.2023 № 1110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.08.2023 № 2762 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 02.02.2024 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 12.07.2024 № 2466 қаулыларымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Бөлім басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Бөлім бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Бөлім бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзіретіне сәйкес Бөлім қызметінің мәселелерін шешеді;

      2) Бөлім құрылымын дербес айқындайды;

      3) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;

      4) Бөлім қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;

      5) барлық ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін ұсынады;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;

      7) заңнамамен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      8)Бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 11 қаңтар
№ 95 қаулысына 2 қосымша

Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізімі

      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 1369 "Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы.

      2. Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 922 "2020 жылғы 18 наурыздағы № 1369 "Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Өскемен қаласы әкімдігінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы.

      3. Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 02 маусымдағы № 1984 "2020 жылғы 18 наурыздағы № 1369 "Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Өскемен қаласы әкімдігінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады