"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алтай ауданында мүгедектігі бар адамдар үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Алтай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 563 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 173852 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.А. Асқароваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтай ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Р. Курмамбаев |