Алтай ауданында мүгедектігі бар адамдар үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 563 қаулысы. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 568 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 28.09.2023 № 568 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Алтай ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. "Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. А. Асқароваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының әкімі Е. Мустафин

  Алтай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 11 қарашадағы
қаулысына № 563 қосымша

Алтай ауданында мүгедектігі бар адамдар үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы

     № п\п

Ұйымдар атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Қызметкерлердің тізімдік санынан квота мөлшері (%)

Квота бойынша жұмыс орындарының саны

1

2

3

4

5

1

"Алтай қаласының Технологиялық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

53

2%

1

2

"Алтай ауданының мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

164

3%

5

3

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 1 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

93

2%

2

4

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

2%

1

5

Алтай ауданы әкімдігінің "Горняк" мәдени-демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

110

3%

3

6

Алтай ауданы әкімдігінің "Алтай қаласының жылу-су орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

534

4%

21

7

"Плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

55

2%

1

8

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Алтай ауданы білім бөлімінің "№ 11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

110

3%

3

9

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Алтай ауданы білім бөлімінің "Алтай қаласы мектеп лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

62

2%

1

10

"Алтай ауданының орталық кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

79

2%

2

11

Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Грехово кентіндегі мүгедектерге арналған оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

86

2%

1

12

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Алтай ауданы білім бөлімінің "Тұрғысын орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

54

2%

1

13

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Алтай ауданы білім бөлімінің "№ 8 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

83

2%

1

14

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Серебрянск технологиялық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

53

2%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады