"Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 191 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған басқарманың ережесі және құрылымы мен штаттық саны бекітілсін.

      3. Басқарманың басшысы заңнамаларда белгіленген тәртіппен:

      1) Басқарманың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі басқа да қажетті шараларды алсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Нарымбетовке жүктелсін.

      Облыс әкімі Н. Төреғалиев

  2022 жылғы "___"__________ №____
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
қаулысымен бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық саны

Лауазымы

Бірлік саны

1.

Басқарма басшысы

1

2.

Бас маман – есепші

1

Жұмылдыру даярлығы бөлімі

3.

Бөлім басшысы

1

4.

Бас маман

1

5.

Бас маман

1

Азаматтық қорғау бөлімі

6.

Бөлім басшысы

1

7.

Бас маман

1


Барлығы:

7

  2022 жылғы "___"__________
№____
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
  қаулысымен бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 45.

      9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау бойынша мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз қызметін басқа да атқарушы билікпен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттесе отырып жүзеге асыру;

      заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдардан (сұратулар негізінде) қажетті ақпараттық материалдарды алу;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болу, мемлекеттік органдарда, ұйымдарда өз мүдделерін білдіру;

      Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар енгізу;

      басқа да ұйымдардың, басқармалардың және ведомстволардың мамандарын жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу үшін тарту.

      2) міндеттері:

      әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді;

      халық пен ұйымдарға азаматтық қорғау саласындағы шаралар туралы хабар беру;

      азаматтық қорғауды басқарудың аумақтық кіші жүйелерінің күштері мен құралдарын құру және оларды ұдайы әзірлікте ұстап тұру;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттер.

      14. Функциялары:

      1) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсетеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысады;

      2) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;

      3) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы құлақтандыруды және жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарға техника беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өздерінің басқаруындағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) коммуналдық меншігін қорғаныс мұқтаждарына береді;

      4) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының іркіліссіз жұмыс істеуін және халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде арнаулы құралымдарды құрады және олардың қызметін қамтамасыз етеді;

      5) әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру жоспарларын әзірлейді, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің шегінде жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды өткізеді;

      6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасады;

      7) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға береді;

      8) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      9) мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жұмылдыру жоспарларын орындауға экономиканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;

      10) аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келіседі;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемін көздейді;

      12) жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимылдар тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізеді;

      13) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін ұйымдастыру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру;

      14) қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері болған жағдайда оларды оқшаулау, адамдардың өмірін құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен мүдделерін қорғау, меншіктерді күзету, қоғамдық тәртіпті ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша, қолда бар күштерді, құралдар мен ресурстарды тарта отырып, қажетті көмек көрсету;

      15) аварияларды, төтенше жағдайларды тергеп-тексеруге қатысу;

      16) бекітілген бюджеттік мақсаттарға сәйкес азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;

      17) төтенше жағдайларды жойғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

      18) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесіне басшылық ету;

      19) азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемдерін айқындау және оларды жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстап тұру жөнінде қажетті шаралар қолдану;

      20) игеріліп жатқан кен орындары аудандардағы және сейсмикалық қауіпті өңірлердегі бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстардың беріктігі мен орнықтылығын арттыру;

      21) құлақтандыру мен хабар берудің техникалық құралдарын орналастыруды ұйымдастыру;

      22) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың авариялық және шұғыл қызметтерінің, азаматтық қорғау қызметтерінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру;

      23) төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету;

      24) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту;

      25) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру;

      26) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға жергілікті атқарушы органдардың төтенше резервінен қаражат бөлу;

      27) төтенше жағдайларды болғызбау, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі салдарларды жою және нұқсанды азайту жөнінде шараларды әзірлеу және қолдану;

      28) төтенше жағдай аймағында зардап шеккендерді медициналық қамтамасыз етуді, оның ішінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      29) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;

      30) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      31) 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің, траволаторлардың, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштердің пайдаланылуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау;

      32) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;

      33) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

3. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады, басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

      2) Басқарма басшысы бөлімдер басшылары мен қызметкерлерінің және басқармаға қарасты коммуналдық қазыналық мекеме басшысының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

      4) Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      6) Басқарма бөлімдері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;

      9) гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

      10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;

      11) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Басқарманың мүлкі

      18. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      19. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О создании государственного учреждения "Управление мобилизационной подготовки и гражданской обороны Западно-Казахстанской области"

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 14 августа 2023 года № 191

      Руководствуясь Гражданским Кодексом и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать государственное учреждение "Управление мобилизационной подготовки и гражданской обороны Западно-Казахстанской области" (далее – Управление).

      2. Утвердить прилагаемое Положение и структуру со штатной численностью.

      3. Руководителю управления в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции;

      2) принятие иных мер вытекающих из настоящего постановления.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима Западно-Казахстанской области Б. Нарымбетова.

      Аким области Н. Турегалиев

  Утверждено
постановлением акимата
Западно-Казахстанской области
от "___" ________ 2023 года
№___

Структура со штатной численностью Государственного учреждения "Управление мобилизационной подготовки и гражданской обороны
Западно-Казахстанской области"

Должность

Численность штата

1.

Руководитель управления

1

2.

Главный специалист - бухгалтер

1

Отдел мобилизационной подготовки

3.

Руководитель отдела

1

4.

Главный специалист

1

5.

Главный специалист

1

Отдел гражданской защиты

6.

Руководитель отдела

1

7.

Главный специалист

1


Барлығы:

7

  Утверждено
постановлением акимата
Западно-Казахстанской области
от "___" ________ 2023 года
№___

Положение о государственном учреждении
"Управление мобилизационной подготовки и гражданской обороны

Западно-Казахстанской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление мобилизационной подготовки и гражданской обороны Западно-Казахстанской области" (далее – Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере мобилизационной подготовки и гражданской обороны.

      2. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      4. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      6. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренным законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      8. Местонахождение юридического лица: 090000, Западно-Казахстанская область, город Уральск, улица Ж.Досмухамедова, 45.

      9. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.

      10. Финансирование деятельности Управления осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      11. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Управления.

      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия Управления

      12. Задачи:

      содействие развитию и совершенствованию государственной политики в сфере мобилизационной подготовки и гражданской обороны.

      13.Полномочия:

      1) права:

      осуществлять свою деятельность во взаимодействии с другими органами исполнительной власти и местного самоуправления;

      получать, в установленном законодательством порядке (на основании запросов), необходимые информационные материалы из государственных учреждений и других организаций, в пределах своей компетенции;

      заключать договоры с юридическими и физическими лицами, приобретать имущественные и личные неимущественные права, представлять свои интересы в государственных органах, организациях в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      вносить предложения в проекты нормативных правовых актов, принимаемых акиматом области по вопросам входящим в компетенцию Управления;

      привлекать для участия в разработке и реализации программ по вопросам мобилизационной подготовки и гражданской обороны специалистов других организаций, управлений и ведомств.

      2) обязанности:

      обеспечивают выполнение мероприятий по мобилизационной подготовке и мобилизации в соответствующих административно-территориальных единицах;

      обеспечивают реализацию комплекса мероприятий по переводу государственных органов и организаций в пределах соответствующих административно-территориальных единиц на функционирование в период мобилизации, военного положения и в военное время;

      информирование населения и организаций о мерах в сфере гражданской защиты;

      создание и поддержание в постоянной готовности сил и средств территориальной подсистемы управления гражданской защиты;

      иные права и обязанности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      14. Функции:

      1) оказывают содействие местным органам военного управления в их работе в мирное время и при объявлении мобилизации, участвуют в проведении военно-экономических и командно-штабных учений на территории соответствующих административно-территориальных единиц;

      2) организуют и проводят работу по бронированию военнообязанных;

      3) организуют и обеспечивают в пределах соответствующих административно-территориальных единиц своевременное оповещение и доставку граждан, подлежащих призыву, поставку техники на сборные пункты или в воинские части и специальные государственные органы, предоставляют по решению Правительства Республики Казахстан для нужд обороны находящуюся в их управлении областную (города республиканского значения, столицы) коммунальную собственность в период мобилизации, военного положения и в военное время;

      4) создают специальные формирования в пределах соответствующих административно-территориальных единиц и обеспечивают их деятельность для выполнения задач в интересах Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований, специальных государственных органов, а также для обеспечения бесперебойной работы экономики и жизнедеятельности населения Республики Казахстан в период мобилизации, военного положения и в военное время;

      5) разрабатывают, согласовывают с уполномоченным органом в области мобилизационной подготовки и утверждают мобилизационные планы административно-территориальных единиц, а также проводят мероприятия по мобилизационной подготовке в пределах соответствующих административно-территориальных единиц;

      6) в целях мобилизационной подготовки соответствующих административно-территориальных единиц заключают договоры (контракты) с организациями на производство товаров, выполнение работ и оказание услуг на период мобилизации, военного положения и в военное время;

      7) предоставляют в уполномоченный орган в области мобилизационной подготовки информацию о производственных, финансовых, складских возможностях организаций для установления мобилизационных заказов;

      8) вносят в уполномоченный орган в области мобилизационной подготовки предложения по совершенствованию мобилизационной подготовки;

      9) проводят совместно с государственными органами мероприятия по подготовке экономики к выполнению мобилизационных планов;

      10) согласовывают мобилизационные планы акиматов районов, городов областного значения;

      11) предусматривают объемы финансирования мероприятий по мобилизационной подготовке и мобилизации в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      12) проводят среди населения разъяснительную работу о порядке действий при объявлении мобилизации;

      13) организация пожарных постов, их материально-технического оснащения в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы;

      14) оказание необходимой помощи в случае вредного воздействия опасных производственных факторов с привлечением имеющихся сил, средств и ресурсов по выполнению мероприятий по их локализации, спасению жизни людей, защите их здоровья, прав и интересов, охране собственности, поддержанию общественного порядка;

      15) участие в расследовании аварий, чрезвычайных ситуаций;

      16) обеспечение в соответствии с утвержденными бюджетными назначениями исполнения местного бюджета по гражданской обороне, предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций и их последствий;

      17) осуществление после ликвидации чрезвычайных ситуаций мероприятий по оздоровлению окружающей среды, восстановлению хозяйственной деятельности физических и юридических лиц;

      18) руководство территориальной подсистемой гражданской защиты в пределах своей компетенции;

      19) определение объемов и принятие необходимых мер по накоплению, хранению, обновлению и поддержанию в готовности имущества гражданской обороны;

      20) повышение надежности и устойчивости существующих зданий и сооружений в районах разрабатываемых месторождений и сейсмоопасных регионах;

      21) организация размещения технических средств оповещения и информирования;

      22) организация информационного взаимодействия аварийных и экстренных служб областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного и районного значения, служб гражданской защиты с единой дежурно-диспетчерской службой "112";

      23) жизнеобеспечение населения в чрезвычайных ситуациях;

      24) утверждение планов действий по ликвидации чрезвычайных ситуаций местного масштаба и их последствий;

      25) тушение степных пожаров, а также пожаров в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы;

      26) выделение средств из чрезвычайного резерва местных исполнительных органов на предупреждение и ликвидацию чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и их последствий;

      27) разработка и принятие мер по предотвращению чрезвычайных ситуаций, сохранению жизни и здоровья людей, защите материальных и культурных ценностей, а также ликвидации последствий и снижению ущерба при чрезвычайных ситуациях;

      28) организация медицинского обеспечения, в том числе лекарственными средствами и медицинскими изделиями, пострадавших в зоне чрезвычайной ситуации;

      29) обеспечение создания запасных (городских, загородных), вспомогательных и подвижных пунктов управления;

      30) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан;

      31) государственный контроль и надзор в области промышленной безопасности за эксплуатацией опасных технических устройств, работающих под давлением более 0,07 мега Паскаля или при температуре нагрева воды более 115 градусов Цельсия, грузоподъемных механизмов, эскалаторов, канатных дорог, фуникулеров, лифтов, траволаторов, а также подъемников для лиц с ограниченными возможностями (лиц с инвалидностью) на объектах социальной инфраструктуры;

      32) осуществляет постановку на учет и снятие с учета опасных технических устройств на объектах социальной инфраструктуры;

      33) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.

3. Статус, полномочия первого руководителя Управления

      15. Руководство Управления осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на управление задач и осуществление им своих полномочий.

      16. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      17. Полномочия первого руководителя Управления:

      1) организует и руководит работой Управление и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на управление задач и осуществления им своих функций;

      2) определяет обязанности и полномочия руководителей и работников отделов и руководителя коммунального государственного учреждения;

      3) ведет работу по борьбе с коррупцией и несет персональную ответственность за работу в этом направлении;

      4) в соответствии с действующим законодательством назначает и освобождает от должностей работников Управления;

      5) в установленном законодательством порядке решает вопросы поощрения, оказания материальной помощи, наложения дисциплинарных взысканий на работников Управления;

      6) утверждает положения об отделах и должностные инструкции работников Управления;

      7) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;

      8) представляет Управление в государственных органах и иных организациях;

      9) первый руководитель Управления проводит работу по вопросам гендерной политики и несет персональную ответственность в этом направлении;

      10) в установленном порядке решает вопросы финансово-экономической и хозяйственной деятельности, контролирует рациональное и целевое исполнение бюджетных средств;

      11) контролирует ход исполнения нормативных правовых актов, проектов программ и других документов по вопросам, входящим в компетенцию Управления;

      12) в соответствии с законодательством Республики Казахстан осуществляет и другие полномочия.

      Исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество Управления

      18. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Управление формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      19. Имущество, закрепленное за Управлением относится к коммунальной собственности.

      20. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Управления

      21. Реорганизация и упразднение Управления осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.