Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің 07.04.2023 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48–бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сипаттамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:
1.Теректі ауданының Теректі ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Теректі ауданы әкімінің орынбасары А.К. Тугузбаев тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Теректі ауданының әкімі | Т. Габдушев |