Теректі ауданы әкімінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 3 "Теректі ауданының Теректі ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШТІМ:

      1. Теректі ауданы әкімінің 2023 жылғы 10 ақпандағы №3 "Теректі ауданының Теректі ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Теректі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Тугузбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Габдушев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады