Теректі ауданының Теректі ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 3 шешімі. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің 07.04.2023 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48–бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сипаттамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:

      1.Теректі ауданының Теректі ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Теректі ауданы әкімінің орынбасары А.К. Тугузбаев тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Теректі ауданының әкімі Т. Габдушев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады