"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Теректі ауданының ауылдық округтер аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Теректі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 18-3 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теректі аудандық мәслихатының төрағасы | А. Нургалиев |