Теректі ауданының ауылдық округтер аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 18-3 шешімі. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 7-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 12.09.2023 № 7-4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және ауылдық округ әкімдерінің ұсынысы негізінде Теректі аудындық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Теректі ауданының ауылдық округтер аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Теректі ауданының ауылдық округтер аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. "Теректі ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасын бекiту туралы" Теректі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3482 болып тіркелген) № 19-1 шешімінің күші жойылды деп танылсын;

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теректі аудандық мәслихат хатшысы А. Нургалиев

  Теректі аудандық мәслихатының
2021 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 18-3 шешіміне
1- қосымша

Теректі ауданының ауылдық округтер аумағындажергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Теректі ауданының ауылдық округтер аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Теректі ауданының ауылдық округтер аумағында ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастыгының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      3. Теректі ауданының ауылдық округтер аумағында ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастық бөлек жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2-тарау. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Теректі ауданының ауылдық округтердің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер) бөлінеді.

      5. Теректі ауданының ауылдық округтердің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      6. Бөлек жиынды ауылдық округтің әкімі шақырады.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      8. Ауылдар шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      9. Бөлек жиынын ашулуыалдында ауылдық округтердің ауылдарының қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын және тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      10. Бөлек жиынды ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыс беру мен хатшы сайланады.

      11. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Теректі ауданының ауылдық округтер ауылдарының тұрғындары ауыл, шағын аудан, көшелер өкілдерінің кандидатураларын Теректі аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      12. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      13. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ауылдық округі әкімінің аппаратына береледі.

  Теректі аудандық мәслихатының
2021 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 18-3 шешіміне
2- қосымша

Теректі ауданының ауылдық округтері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      1. Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округінің тұрғындары үшін 43 өкіл, оның ішінде:

      Ақжайық ауылы – 26 өкіл;

      Абай ауылы - 7 өкіл;

      Талпын а. – 3 өкіл;

      Санаторий Акжайық ауылы - 2 өкіл;

      Ыждағат ауылы – 2 өкіл.

      2. Теректі ауданы Ақсоғым ауылдық округінің тұрғындары үшін 30 өкіл, оның ішінде:

      Ақсоғым ауылы – 15 өкіл;

      Үлкен Еңбек ауылы - 9 өкіл;

      Бозай ауылы – 5 өкіл;

      Табынбай ауылы -1 өкіл.

      3. Теректі ауданы Анқаты ауылдық округінің тұрғындары үшін 9 өкіл, оның ішінде:

      Анқаты ауылы – 5 өкіл;

      Қандық ауылы - 1 өкіл;

      Сатымшеген ауылы – 1 өкіл;

      Рыбцех ауылы - 1 өкіл;

      Ерсары ауылы – 1 өкіл.

      4. Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округінің тұрғындары үшін 48 өкіл, оның ішінде:

      Ақсуат ауылы – 24 өкіл;

      Поима ауылы - 13 өкіл;

      Магистральное ауылы – 7 өкіл;

      Айтиев ауылы – 4 өкіл.

      5. Теректі ауданы Богданов ауылдық округінің тұрғындары үшін 50 өкіл, оның ішінде:

      Богданов ауылы – 21 өкіл;

      Придорожное ауылы - 11 өкіл;

      Алғабас ауылы – 12 өкіл;

      Сарсеново ауылы - 6 өкіл.

      6. Теректі ауданы Долин ауылдық округінің тұрғындары үшін 24 өкіл, оның ішінде:

      Долинное ауылы – 9 өкіл;

      Тонкерис ауылы - 8 өкіл;

      Шөптікөл ауылы – 5 өкіл;

      Қоныссай ауылы - 2 өкіл.

      7. Теректі ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің тұрғындары үшін 11 өкіл, оның ішінде:

      Ұзынкөл ауылы -11 өкіл.

      8. Теректі ауданы Новопавл ауылдық округінің тұрғындары үшін 7 өкіл, оның ішінде:

      Новопавлов ауылы -7 өкіл.

      9. Теректі ауданы Приречное ауылдық округінің тұрғындары үшін 39 өкіл, оның ішінде:

      Приречное ауылы -39 өкіл.

      10. Теректі ауданы Покатилов ауылдық ауылдық округінің тұрғындары үшін 5 өкіл, оның ішінде;

      Покатилов ауылы - 5 өкіл.

      11. Теректі ауданы Федоров ауылдық округінің тұрғындары үшін 31 өкіл, оның ішінде:

      Федоров ауылы –25 өкіл;

      Жайық ауылы - 3 өкіл;

      Тақсай ауылы – 2 өкіл;

      Кабылтюба ауылы - 1 өкіл.

      12. Теректі ауданы Шаған ауылдық округінің тұрғындары үшін 18 өкіл, оның ішінде:

      Жана Омир ауылы –15 өкіл;

      Кемел ауылы - 2 өкіл;

      Бекей ауылы – 1 өкіл.

      13. Теректі ауданы Шалқар ауылдық округінің тұрғындары үшін 8 өкіл, оның ішінде:

      Сарыөмір ауылы –6 өкіл;

      Дуана ауылы - 1 өкіл;

      Шалкар ауылы – 1 өкіл.

      14. Теректі ауданы Шағатай ауылдық округінің тұрғындары үшін 22 өкіл, оның ішінде:

      Шагатай ауылы –11 өкіл;

      Кызылжар ауылы -5 өкіл;

      Кутсиык ауылы – 2 өкіл;

      Когалтобек ауылы -4 өкіл.

      15. Теректі ауданы Подстепное ауылдық округінің тұрғындары үшін 199 өкіл, оның ішінде:

      Подстепное ауылы – 150 өкіл;

      Токпай ауылы - 11 өкіл;

      Барбастау ауылы – 16 өкіл;

      Юбилейное ауылы - 22 өкіл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады