Әуежай қызметінің құрамына әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 319 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әуежай қызметінің құрамына әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
Р. Жақсылықов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2024 жылғы 3 сәуірдегі
№ 319 бұйрығымен
бекітілген

Әуежай қызметінің құрамына әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері тізбесі

1-тарау. Әуежай қызметінің құрамына әуеайлаққа қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері

      1. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшып көтерілуі мен қонуын қамтамасыз ету:

      1) ұшу-қону жолағын, бұру жолы, перрон беру;

      2) ұшу алаңын күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ету;

      3) ұшуды жарық-техникалық қамтамасыз ету;

      4) жауапкершілік аймағында ұшу қауіпсіздігін орнитологиялық қамтамасыз ету;

      5) әуеайлақ ауданында ұшуды авариялық-құтқару және өртке қарсы қамтамасыз ету;

      6) ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдарымен қызметтер ұсыну;

      7) әуеайлақта әуе кемесіне қонғаннан кейін жолаушылар әуе кемесі үшін үш сағат және сертификатталған жүк және жүк-жолаушы әуе кемесі түрі үшін алты сағат ішінде қонатын әуежайда өңделуге (тиелуге немесе түсірілуге) тиіс жүк (пошта) болған кезде тұрақ орнын беру;

      8) сертификатталған жүк және жүк-жолаушы әуе кемесінің түрі үшін қонғаннан кейін өңделуге тиіс жүк (пошта) болған кезде үш сағат ішінде тұрақ орнын беру.

      2. Мыналарды қоса алғанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету:

      1) жолаушыларды, қол жүгін, багажды, авиация әуе кемесінің экипажы мүшелерін жете тексеру;

      2) әуежайда әуеайлақ ауданында өткізу және ішкіобъектілік режимін қамтамасыз ету;

      3) ұшу алдында әуе кемесін, жүкті, пошта және борттық көректендіруді жете тексеру;

      4) күштер мен құралдарды заңсыз қолсұғушылық әрекетінің жолын кесу кезінде әрекет етуге әзірлікте ұстау;

      5) әуе кемесін тұрақта оған бөгде адамдардың кіру мүмкіндігін болғызбайтын күзету;

      6) әуе көлігінде жеткізуге тыйым салынған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш, радиоактивті, уландырғыш, тез тұтанғыш құралдар мен заттарды заңсыз алып жүру мүмкіндігін болғызбау;

      7) қару-жарақ пен оқ-дәрілерді әуе кемесінің жолаушылардан оқшауланған бөлігінде оғы алнған күйде багажбен жеткізуді қамтамасыз ететін жеткізу кезіндегі ерекше сақтық шараларын енгізу;

      8) авиаотынмен қамтамасыз ету объектілерін күзету.

      3. Әуе кемесіне қонғаннан кейін жолаушылар әуе кемесі үшін үш сағаттан және сертификатталған жүк және жүк-жолаушы әуе кемесі түрі үшін алты сағаттан астам қонатын әуеайлақта өңделуге (тиелуге және/немесе түсірілуге) тиіс жүк (пошта) болған кезде тұрақ орнын беру:

      1) тұрақ орнын дайындау;

      2) әуе кемесіне қонғаннан кейін жолаушылар әуе кемесі үшін үш сағаттан және сертификатталған жүк және жүк-жолаушы әуе кемесі түрі үшін алты сағаттан астам қонатын әуеайлақта өңделуге (тиелуге және/немесе түсірілуге) тиіс жүк (пошта) болған кезде тұрақ орнын беру.

      4. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру:

      1) тұрақ орнын дайындау;

      2) әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру.

2-тарау. Әуежай қызметінің құрамына жерде қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері

4-параграф. Жүкті және поштаны өңдеу

      5. Мыналарды қоса алғанда, келетін және жөнелтілетін жүкті (поштаны) өңдеу:

      1) жүк алушыны немесе агентті жөнелтілген жүк партиясының келгені туралы хабардар ету, жүк алушыға немесе агентке жүк құжаттамасын беру;

      2) өлшеу және таңбалау;

      3) жүк алушылар бойынша сұрыптауды қоса алғанда, қоймада сұрыптау, құжаттама ресімдеу;

      4) контейнерге және табандыққа жиынтықтауды қоса алғанда, рейс бойынша іріктеу, жиынтығынан алу;

      5) жүкті жиырма төрт сағаттан аспайтын қысқа мерзімге сақтау;

      6) әуе кемесіне дейін және кері жеткізу үшін тиеу-түсіру құралдарына тиеу және түсіру;

      7) әуе кемесінде жүкті тиеу мен түсіру процесін бақылау;

      8) жүк құжаттарын жасау, қол қою, жеткізу, келісу, тіркеу;

      9) пакетке салу құралдарын өңдеу;

      10) жүкті өңдеу үшін қойма мен жабдық беру;

      11) жүк алушыға немесе агентке жүкті беру;

      12) жүкті (трансферттік, транзиттік) одан әрі жеткізу үшін қабылдау және дайындау;

      13) пошталық құжат бойынша келген поштаны тексеру;

      14) пошталық ілеспе құжат бойынша трансферттік поштаны өңдеу;

      15) пошталық кіріс және шығыс құжаттаманы беру;

      16) кедендік құжаттарды дайындау, сүйемелдеу және жүк қабылдаушыларды хабардар ету (халықаралық тасымал үшін);

      17) жүкті мемлекеттік органның талабы бойынша ашып жете тексеру үшін беру;

      18) жүкті мемлекеттік органның тиісті рұқсатын алғаннан кейін жүк алушыға немесе агентке беру.

5-параграф. Перронда қызмет көрсету

      6. Мыналарды қоса алғанда, жүкті (поштаны) жеткізу:

      1) жүкті (поштаны) жүк терминалынан әуе кемесіне дейін және кері қарай жеткізу;

      2) жүкті (поштаны) әуе кемелері арасында жеткізу.

      7. Жүкті (поштаны) тиеу және түсіру:

      1) әуе кемесінің жүк бөлігіне пакеттелген және пакеттелмеген жүкті (поштаны) тиеу;

      2) әуе кемесінің жүк бөлігінен пакеттелген және пакеттелмеген жүкті (поштаны) түсіру;

      3) жүкті (поштаны) (жүк (пошта) бар пакетке салу құралдарын) әуе кемесінің жүк бөлігінде (оның ішінде әуе кемесінің едендік механизациясын басқаруды қолданып) орналастыру;

      4) жүкті (поштаны) (жүк (пошта) бар пакетке салу құралдарын) әуе кемесінің жүк бөлігінде бекіту;

      5) жүк (пошта) орнын есептеу, оның тұтастығын бақылау;

      6) жүкке (поштаға) құжаттаманы әуе кемесіне және кері жеткізу.

      8. Мыналарды қоса алғанда, тиеуді бақылау:

      1) әуе кемесіне тиеуді жоспарлау;

      2) тиеу схемасын шығару;

      3) әуе кемесінің салмақтық және орталықтандыру сипаттамасын есептеу;

      4) орталықтандыру кестесін жасау;

      5) перронда әуе кемесіне тиеуді бақылау, әуе кемесінің нақты жүктемесінің жоспарланған жүктемеге сәйкес келуін, багаждың, жүктің (поштаның) (пакетке салу құралдарының) тұтастығын, багаждың, жүктің (поштаның), пакетке салу құралдарының бекітілуін тексеру;

      6) жинақтау-тиеу ведомосын және өзге құжаттаманы дайындау және технологияға сәйкес келуін тексеру;

      7) рейстік құжаттаманы жиынтықтау және беру;

      8) авиакомпанияның талап етуіне сәйкес жеделхат жіберу (қажет болған кезде).

      9. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін күтіп алуды және жөнелтуді қамтамасыз ету:

      1) әуе кемесі ұшіп келгенге дейін тұрақ орнын және бұру жолын қарап-тексеру;

      2) әуе кемесін қабылдау және тұрақ орнына бағыттау (көрнекі сигнал беру немесе әуе кемесін автоматты тұру жүйесімен қамтамасыз ету);

      3) шасси дөңгелегі астына тоқтатқыш қою және алу;

      4) сигналдық конустар қою және алу;

      5) шасси тоқтатқышын, қозғалтқыш тұықтағышын қою, әртүрлі датчик тыс жабу және алу;

      6) әуе кемесін жерге бекітіп қою;

      7) ұшақтың сөйлесу құрылғысы немесе перрон мен экипаж кабинасы арасындағы радиобайланыс арқылы экипажбен байланыс орнату;

      8) әуе кемесін қосылған жабдықтың зақымдануы мәніне қарап-тексеру;

      9) қозғалтқыштың іске қосылуын бақылау;

      10) әуе кемесінің тұрақ орнынан шығуын бақылау.

      10. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін сүйрету:

      1) әуе кемесіне және тартқышқа сүйретшті жалғау және алу;

      2) сүйретуді басқару.

      11. Әуе кемесін кондиционерлеу:

      1) келуді және кетуді басқару;

      2) технологиялық құбыртүтікті әуе кемесіне қосу;

      3) әуе кемесі салонының ауасын қажетті температураға дейін конлиционерлеу;

      4) әуе кемесінен технологиялық құбыртүтікті ал және жинау;

      5) жылжымалы құрылғыны қою және алу.

      12. Мыналарды қоса алғанда, авиақозғалтқышты ауамен іске қосу:

      1) ауамен іске қосу құрылғысын қою және алу;

      2) ауамен іске қосу құрылғысын әкелу мен әкетуді басқару;

      3) әуе кемесіне технологиялық құбыртүтікті жалғау;

      4) ауамен іске қосу құрылғысын іске қосу және тиісті параметрді бақылау;

      5) технологиялық құбыртүтікті алу және авиақозғалтқышты іске қосу панелін жабу.

      13. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін ауыз сумен толтыру:

      1) арнайы машинаны қою және алу;

      2) ауыз суды дайындау, тазарту мен сүзгілеу;

      3) судың санитариялық нормаларға сәйкес клуіне құжаттар беру;

      4) әуе кемесі жүйесіне технологиялық шлангіні жалғау;

      5) әуе кемесінің су багын ағызу, жуып тазалау, толтыру;

      6) технологиялық шлангіні ажырату, кранды, люк пен жапқышты жабу.

      14. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін электр энергиямен қамтамасыз ету:

      1) әуе кемесіне технологиялық кабель қосу;

      2) электр энергия беру және арнайы техниканың немесе стационарлық кернеу көзінің беретін параметрін бақылау;

      3) электр энергияның тұтыну көлемін айқындау;

      4) кабельді ажырату және алу;

      5) жылжымалы электрмен қоректендіру көзін қою және алу.

      15. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін сүйемелдеу:

      1) әуеайлақта әуе кемесінң алдын болуын қамтамасыз ету.

3-параграф. Әуе кемесіне қызмет көрсету

      16. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінен қарды қолмен тазалау:

      1) әуе кемесі үстіндегі қарды тазарту.

      17. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінен қар мен мұзды механикалық тазарту:

      1) арнайы техниканы пайдаланып, әуе кемесінің сыртқы қабатындағы қар мен мұзды тазарту;

      2) әуе кемесінің сыртқы қабатын арнайы сұйықтықпен өңдеу;

      3) әуе кемесінің маңында арнайы техниканың қозғалысын басқару және жүргізушімен байланысты қамтамасыз ету.

4-параграф. Жанар-жағармай материалы мен арнайы сұйықтықты сақтау, құю

      18. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін авиациялық жанар-жағармаймен қамтамасыз ету:

      1) авиациялық жанар-жағармай материалмен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      2) авиациялық жанар-жағармай материалының сапасын бақылау және талдау;

      3) авиациялық жанар-жағармай материалын қабылдау, ағызу және беру;

      4) әуе кемесіне авиациялық жанар-жағармай материалын құю үшін персонал (оператор) және техникалық жылжымалы және/немесе стационарлық құралдар беру;

      5) әуе кемесінің багына авиациялық жанар-жағармай материалын құю;

      6) әуе кемесіне авиациялық жанар-жағармай материалын құюға шығыс ордерін ресімдеу.

      19. Мыналарды қоса алғанда, авиақозғалтқышқа май құю:

      1) Авиақозғалтқышқа құю үшін май дайындау;

      2) майдың сапасы мен техникалық талаптарға сәйкес келуін растайтын құжат беру;

      3) қозғалтқыш пен май багын құю үшін дайындау;

      4) әуе кемесінің багындағы май мөлшерін тексеру;

      5) сертификатталған маманның немесе экипаждың бақылауымен май багына қажетті мөлшерде май құю;

      6) май багының қақпақшасын, люгін жабу;

      7) әуе кемесінен арнайы машинаны алу;

      8) құжаттама ресімдеу.

      20. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінен авиациялық жанар-жағармай материалын төгу:

      1) әуе кемесінен авиациялық жанар-жағармай материалын ағызу үшін техникалық жылжымалы құралдардың келуін және кетуін басқару;

      2) әуе кемесінен авиациялық жанар-жағармай материалын ағызу үшін жылжымалы құралдарды жерге тұйықтау, әуе кемесі мен көлік құралы арасында теңестіру арқанын қосу;

      3) әуе кемесінде техникалық құю люгін ашу және жабу;

      4) құю құбыртүтігін әуе кемесіне қосу және алу;

      5) әуе кемесінен авиациялық жанар-жағармай материалын ағызу;

      6) есептік аспап бойынша ағызылған авиациялық жанар-жағармай материалының мөлшерін бақылау, массасын есептеу үшін авиациялық жанар-жағармай материалының тығыздығын өлшеу;

      7) әуе кемесінен ағызылған авиациялық жанар-жағармай материалына кіріс ордерін ресімдеу.

      21. Жанар-жағармай материалдарын және арнайы сұйықтықты сақтау бойынша көрсетілетін қызметтер:

      1) жанар-жағармай материалын қабылдау;

      2) жанар-жағармай материалының сапасын талдау;

      3) жанар-жағармай материалын сақтау;

      4) жанар-жағармай материалын беру.

5-параграф. Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету

      22. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесіне транзиттік нысан (A-check) бойынша техникалық қызмет көрсету – инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету және әуе кемесінің түрі бойынша техникалық қызмет көрсету регламентіне сәйкес әуе кемесін ұшуға дайындау, сондай-ақ қажетті құжаттама ресімдеу:

      1) әуе кемесіне ағымдағы жедел қызмет көрсету;

      2) әуе кемесінің әрбір түрі бойынша техникалық қызмет көрсету регламентін, технологиялық нұсқаулар, жедел техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық, анықтамалар, каталогтар мен басқа қажетті құжаттар беру;

      3) әуе кемесін, оның ішінде жолаушылар салонын, асхананы, әжетхана бөлмелерін сыртынан жедел қарап-тексеруді жүзеге асыру;

      4) борттық журналға әуе кемесін жедел қарап-тексеру туралы мәліметтерді енгізу;

      5) борттық журналға әуе кемесін қарап-тексеру кезінде анықталған ақаулық туралы ескертуді енгізу;

      6) ұшу алдында әуе кемесінің сыртқы қабатындағы мұздың болмауын тексеру;

      7) әуе кемесінің ұшуға әзірлігі туралы құжаттама ресімдеу.

      23. Мыналарды қоса алғанда, жүйені оттегімен толтыру:

      1) оттегі cапасы мен техникалық талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттар беру;

      2) жүйенің герметикалығын тексеру;

      3) оттегі баллонындағы қысымды тексеру;

      4) сертификатталған маманның немесе экипаждың бақылауымен осы әуе кемесінің түріне технологиялық көрсеткішке сәйкес әуе кемесінің оттегі баллонын толтыру;

      5) әуе кемесінен арнайы құрылғыны алу және әкету;

      6) құжаттама ресімдеу.

      24. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін азотпен немесе сығылған ауамен толтыру:

      1) баллонда қысымның болуын тексеру;

      2) әуе кемесіне технологиялық шлангіні жалғау;

      3) жүйені қажетті мөлшерге дейін толтыру;

      4) әуе кемесінен технологиялық шлангіні алу және арнайы құрылғыны әкету;

      5) құжаттама ресімдеу.

      25. Мыналарды қоса алғанда, гидрожүйені тексеру және толтыру:

      1) әуе кемесінің гидрожүйесін толтыру үшін гидросұйықтық дайындау;

      2) гидросұйықтық сапасын және техникалық талаптарға сәйкес келуін растайтын құжат беру;

      3) шлангіні гидрожүйені толық толтыру үшін технологиялық жалғау;

      4) технологиялық шлангіні алу және әуе кемесінен арнайы құрылғыны әкету;

      5) құжаттама ресімдеу.

      26. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесіне техникалық желілік қызмет көрсету:

      1) техникалық көмек;

      2) техникалық қолдау;

      3) желілік қызмет көрсету.

      27. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінің ангарда тұру:

      1) ангарда орын беру;

      2) әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      3) қажетті жерүсті технологиялық жабдық беру (сұрау салу бойынша).

      28. Мыналарды қоса алғанда, жүк терминалында жүкті жиырма төрт сағаттан астам сақтау:

      1) жүкті қоймада орналастыру және ресімдеу;

      2) жүкті сақтау;

      3) жүкті беру.

6-параграф. Жерде қызмет көрсету

      29. Мыналарды қоса алғанда, экипажды жеткізу:

      1) көлік құралын (автобус, шағын автобус) әкелу;

      2) экипажды әуе кемесіне және кері қарай жеткізу;

      3) көлік құралын әкету.

Об утверждении перечня товаров, работ, услуг аэродромного и наземного обслуживания, входящих в состав аэропортовской деятельности

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 3 апреля 2024 года № 319

      В соответствии с пунктом 1 статьи 65 Закона Республики Казахстан "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень товаров, работ, услуг аэродромного и наземного обслуживания, входящих в состав аэропортовской деятельности.

      2. Управлению главнокомандующего Силами воздушной обороны Вооруженных Сил Республики Казахстан обеспечить:

      1) направление настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан в электронном виде в течение пяти рабочих дней со дня его подписания на казахском и русском языках в соответствии с требованиями пункта 10 Правил ведения Государственного реестра нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан, утвержденных приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 11 июля 2023 года № 472 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33059);

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении подпунктов 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней после дня первого официального опубликования настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя Министра обороны – начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до заинтересованных должностных лиц и структурных подразделений.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан генерал-полковник
Р. Жаксылыков

      "СОГЛАСОВАНО"
Агентство по защите и
развитию конкуренции
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Министра обороны
Республики Казахстан
от "3" апреля 2024 года № 319

Перечень товаров, работ, услуг аэродромного и наземного обслуживания, входящих в состав аэропортовской деятельности

Глава 1. Товары, работы, услуги аэродромного обслуживания, входящие в состав аэропортовской деятельности

      1. Обеспечение взлета и посадки воздушного судна, включая:

      1) предоставление взлетно-посадочной полосы, рулежных дорожек, перронов;

      2) обеспечение содержания и эксплуатации летного поля;

      3) светотехническое обеспечение полетов;

      4) орнитологическое обеспечение безопасности полетов в зоне ответственности;

      5) аварийно-спасательное и противопожарное обеспечение полетов в районе аэродрома;

      6) предоставление услуг средствами наземного обеспечения полетами;

      7) предоставление места стоянки воздушному судну на аэродроме в течение трех часов после посадки для пассажирских и шести часов для грузовых и грузопассажирских сертифицированных типов воздушных судов при наличии грузов (почты), подлежащих обработке (погрузке или выгрузке) в аэропорту посадки;

      8) предоставление места стоянки в течение трех часов после посадки для грузовых и грузопассажирских сертифицированных типов воздушных судов, при отсутствии груза (почты), подлежащих обработке.

      2. Обеспечение авиационной безопасности, включая:

      1) досмотр пассажиров, ручной клади, багажа, членов экипажей воздушных судов;

      2) обеспечение пропускного и внутриобъектового режимов в аэропорту в районе аэродрома;

      3) предполетный досмотр воздушного судна, грузов, почты и бортового питания;

      4) поддержание готовности сил и средств к действиям по пресечению актов незаконного вмешательства;

      5) охрана воздушных судов на стоянках, исключающая возможность проникновения в воздушное судно посторонних лиц;

      6) исключение возможности незаконного провоза оружия, боеприпасов, взрывчатых, радиоактивных, отравляющих, легковоспламеняющихся предметов и веществ, запрещенных к перевозке воздушным транспортом;

      7) введение особых мер предосторожности при перевозке оружия и боеприпасов, обеспечивающих их перевозку в багаже в разряженном состоянии, в изолированных от пассажиров отсеках воздушного судна;

      8) охрана объектов авиатопливообеспечения.

      3. Предоставление места стоянки воздушному судну сверх трех часов после посадки для пассажирских и шести часов для грузовых и грузопассажирских сертифицированных типов воздушных судов при наличии грузов (почты), подлежащих обработке (погрузке и/или выгрузке) на аэродроме посадки:

      1) подготовка места стоянки;

      2) предоставление места стоянки воздушному судну сверх трех часов после посадки для пассажирских и шести часов для грузовых и грузопассажирских сертифицированных типов воздушных судов при наличии грузов (почты), подлежащих обработке (погрузке и/или выгрузке) на аэродроме посадки.

      4. Предоставление места стоянки воздушному судну на базовом аэродроме, включая:

      1) подготовка места стоянки;

      2) предоставление места стоянки воздушному судну на базовом аэродроме.

Глава 2. Товары, работы, услуги наземного обслуживания, входящие в состав аэропортовской деятельности

Параграф 1. Обработка грузов и почты

      5. Обработка прибывающих и выбывающих грузов (почты), включая:

      1) уведомление грузополучателя или агента о прибытии отправленных партий груза, предоставление грузовой документации грузополучателю или агенту;

      2) взвешивание и маркировка;

      3) сортировку на складе, включая сортировку по грузополучателям, оформление документации;

      4) комплектование по рейсам, включая комплектацию в контейнеры и на поддоны, разукомплектование;

      5) кратковременное хранение груза не более двадцати четырех часов;

      6) загрузку и выгрузку на погрузочно-разгрузочные средства для транспортировки к воздушному судну и обратно;

      7) контроль процесса загрузки и разгрузки грузов на воздушном судне;

      8) составление, подпись, доставку, согласование, регистрацию грузовых документов;

      9) обработка средств пакетирования;

      10) предоставление складов и оборудования для обработки грузов;

      11) выдачу груза грузополучателю или агенту;

      12) принятие и подготовка груза (трансфертного, транзитного) для дальнейшей перевозки;

      13) проверку поступающей почты по почтовым документам;

      14) обработку трансфертной почты по сопровождающим почтовым документам;

      15) передачу входящей и исходящей почтовой документации;

      16) подготовка, сопровождение таможенных документов и уведомление получателей грузов (для международных перевозок);

      17) предоставление груза по требованию государственных органов для физического досмотра;

      18) выдачу груза грузополучателю или агенту после получения надлежащего разрешения государственных органов.

Параграф 2. Обслуживание на перроне

      6. Транспортировка груза (почты), включая:

      1) доставку груза (почты) из грузового терминала до воздушного судна и обратно;

      2) транспортировку груза (почты) между воздушными судами.

      7. Загрузка и разгрузка груза (почты):

      1) загрузка пакетированного и непакетированного груза (почты) в грузовые отсеки воздушного судна;

      2) разгрузка пакетированного и непакетированного груза (почты) из грузовых отсеков воздушного судна;

      3) размещение груза (почты) (средств пакетирования с грузом (почтой) в грузовых отсеках воздушного судна (в том числе и с применением управления напольной механизацией воздушного судна);

      4) крепление груза (почты) (средств пакетирования с грузом (почтой) в грузовых отсеках воздушного судна;

      5) подсчет мест груза (почты), контроль его целостности;

      6) доставку документации на груз (почту) с воздушного судна и обратно.

      8. Контроль загрузки, включая:

      1) планирование загрузки воздушного судна;

      2) выпуск схемы загрузки;

      3) расчет весовых и центровочных характеристик воздушного судна;

      4) составление центровочного графика;

      5) контроль за загрузкой воздушного судна на перроне, проверка соответствия фактической загрузки воздушного судна запланированной загрузке, целостности багажа, груза (почты) (средств пакетирования), проверка крепления багажа, груза (почты), средств пакетирования;

      6) подготовку и проверку сводно-загрузочной ведомости и прочей документации в соответствии с технологией;

      7) комплектацию и передачу рейсовой документации;

      8) отправку телеграмм в соответствии с требованиями авиакомпаний (при необходимости).

      9. Обеспечение встречи и выпуска воздушного судна, включая:

      1) осмотр места стоянки и путей руления воздушного судна до его прибытия;

      2) прием и выпуск (подача визуальных сигналов или обеспечение автоматической системой установки воздушного судна) воздушного судна на место стоянки;

      3) установку и уборку стояночных колодок под колеса шасси;

      4) установку и уборку сигнальных конусов;

      5) установку и снятие фиксаторов шасси, заглушек двигателей, чехлов различных датчиков;

      6) заземление воздушного судна;

      7) установление связи с экипажем по самолетному переговорному устройству или радиосвязи между перроном и кабиной экипажа;

      8) визуальный осмотр воздушного судна на предмет повреждений, подсоединенного оборудования;

      9) контроль запуска двигателя;

      10) контроль выруливания воздушного судна с места стоянки.

      10. Буксировка воздушного судна, включая:

      1) подсоединение и отсоединение буксировочного водила к воздушному судну и к тягачу;

      2) руководство буксировкой.

      11. Кондиционирование воздушного судна:

      1) управление подъездом и отъездом;

      2) подключение технологических рукавов к воздушному судну;

      3) проведение кондиционирования салона воздушного судна до необходимой температуры;

      4) отсоединение и уборка технологических рукавов от воздушного судна;

      5) установка и отгон передвижного устройства.

      12. Воздушный запуск авиадвигателей, включая:

      1) установка и отгон установки воздушного запуска;

      2) управление подъездом и отъездом установкой воздушного запуска;

      3) подсоединение технологических рукавов к воздушному судну;

      4) запуск установки воздушного запуска и контроль необходимых параметров;

      5) отсоединение технологических рукавов, закрытие панели запуска авиадвигателей.

      13. Заправка питьевой водой воздушного судна, включая:

      1) установку и отгон спецмашины;

      2) подготовку, очистку и фильтрацию питьевой воды;

      3) предоставление документа на соответствие воды санитарным нормам;

      4) подсоединение технологических шлангов к системе воздушного судна;

      5) слив, промывку, заправку водяных баков воздушного судна;

      6) отсоединение технологических шлангов, закрытие кранов, лючков и заслонок.

      14. Обеспечение электроэнергией воздушного судна, включая:

      1) подключение технологических кабелей к воздушному судну;

      2) подачу электроэнергии и контроль параметров выдаваемого спецтехникой или стационарным источником напряжения;

      3) определение объема потребляемой электроэнергии;

      4) отсоединение и уборка кабелей;

      5) установка и отгон передвижного источника электропитания.

      15. Сопровождение воздушного судна, включая:

      1) обеспечение лидирования воздушного судна на аэродроме.

Параграф 3. Обслуживание воздушных судов

      16. Ручная очистка снега с воздушного судна, включая:

      1) удаление снега с поверхностей воздушного судна.

      17. Механизированная очистка снега и льда с воздушного судна, включая:

      1) удаление снега и льда с поверхностей воздушного судна с использованием спецтехники;

      2) обработка поверхности воздушного судна спецжидкостями;

      3) руководства движением спецтехники вокруг воздушного судна и обеспечение связи с водителем.

Параграф 4. Хранение, заправка горюче-смазочных материалов и спецжидкостей

      18. Обеспечение воздушных судов авиационными горюче-смазочными материалами, включая:

      1) организацию обеспечения авиационным горюче-смазочным материалом;

      2) анализ и контроль качества авиационного горюче-смазочного материала;

      3) прием, слив и выдачу авиационного горюче-смазочного материала;

      4) предоставление персонала (оператора) и технических передвижных и/или стационарных средств для заправки воздушного судна авиационным горюче-смазочным материалом;

      5) заправку авиационного горюче-смазочного материала в баки воздушного судна;

      6) оформление расходного ордера на заправку воздушного судна авиационным горюче-смазочным материалом".

      19. Заправка авиадвигателей маслом, включая:

      1) подготовку масла для заправки авиадвигателя;

      2) предоставление документа, подтверждающего качество и соответствие масла техническим требованиям;

      3) подготовку двигателя и маслобака для заправки;

      4) проверку количества масла в баке воздушного судна;

      5) дозаправку необходимого количества масла в маслобак под контролем сертифицированного специалиста или экипажа;

      6) закрытие крышки маслобака, лючков;

      7) отгон спецмашины от воздушного судна;

      8) оформление документации.

      20. Слив авиационного горюче-смазочного материала из воздушного судна, включая:

      1) управление подъездом и отъездом передвижных средств для слива авиационного горюче-смазочного материала из воздушного судна;

      2) заземление передвижных средств для слива авиационного горюче-смазочного материала из воздушного судна, подключение троса выравнивания потенциала между воздушным судном и транспортным средством;

      3) открытие и закрытие крышек заправочных технических лючков на воздушных судах;

      4) подключение и отсоединение заправочных рукавов на воздушном судне;

      5) слив авиационного горюче-смазочного материала из воздушного судна;

      6) контроль количества слитого авиационного горюче-смазочного материала по приборам учета, измерение плотности авиационного горюче-смазочного материала для расчета массы;

      7) оформление приходного ордера слитого авиационного горюче-смазочного материала из воздушного судна.

      21. Услуги по хранению горюче-смазочных материалов и спецжидкостей:

      1) прием горюче-смазочных материалов;

      2) анализ качества горюче-смазочного материала;

      3) хранение горюче - смазочного материала;

      4) отпуск горюче - смазочного материала.

Параграф 5. Техническое обслуживание воздушных судов

      22. Техническое обслуживание воздушного судна по транзитной форме (A-check) - инженерно-авиационное обеспечение и подготовка воздушного судна к полету согласно регламенту технического обслуживания по типу воздушного судна, а также оформление необходимой документации, включая:

      1) оперативное текущее обслуживание воздушного судна;

      2) предоставление регламента по техническому обслуживанию, технологических указаний, инструкций по оперативному техническому обслуживанию, справочников, каталогов и других необходимых документов по каждому типу воздушного судна;

      3) осуществление оперативного внешнего осмотра воздушного судна, в том числе пассажирского салона, кухонь, туалетных комнат;

      4) внесение в бортовой журнал сведений о проведении оперативного осмотра воздушного судна;

      5) внесение в бортовой журнал замечаний о дефектах, выявленных во время осмотра воздушного судна;

      6) проверка поверхности воздушного судна перед вылетом на отсутствие льда;

      7) оформление документации о готовности воздушного судна к вылету.

      23. Заправка системы кислородом, включая:

      1) предоставление документа, подтверждающего качество и соответствие кислорода техническим требованиям;

      2) проверку герметичности системы;

      3) проверку давления в кислородных баллонах;

      4) заправку кислородных баллонов воздушного судна в соответствии с технологическими указаниями на данный тип воздушного судна под контролем сертифицированного специалиста или экипажа;

      5) отсоединение и отгон специального устройства от воздушного судна;

      6) оформление документации.

      24. Заправка воздушного судна азотом или сжатым воздухом, включая:

      1) проверку наличия давления в баллонах;

      2) подсоединение технологического шланга к воздушному судну;

      3) заправку системы до необходимого значения;

      4) отсоединение технологического шланга и отгон специального устройства от воздушного судна;

      5) оформление документации.

      25. Проверка и дозаправка гидросистемы, включая:

      1) подготовку гидрожидкости для дозаправки гидросистемы воздушного судна;

      2) предоставление документа подтверждающего качество и соответствие гидрожидкости техническим требованиям;

      3) подсоединение технологических шлангов для дозаправки гидросистемы;

      4) отсоединение технологических шлангов и отгон передвижного специального приспособления от воздушного судна;

      5) оформление документации.

      26. Линейное техническое обслуживание воздушного судна, включая:

      1) техническая помощь;

      2) техническая поддержка;

      3) линейное техническое обслуживание.

      27. Стоянка воздушного судна в ангаре, включая:

      1) предоставление места в ангаре;

      2) обеспечение безопасности воздушного судна;

      3) предоставление необходимого технологического наземного оборудования (по запросу).

      28. Хранение груза свыше двадцати четырех часов в грузовом терминале, включая:

      1) размещение и оформление груза на складе;

      2) хранение груза;

      3) выдача груза.

Параграф 6. Наземное обслуживание

      29. Доставка экипажа, включая:

      1) подгон транспортных средств (автобус, микроавтобус);

      2) доставку экипажа на воздушное судно и обратно;

      3) отгон транспортных средств.