Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектілеріндегі қызметтік, тұрмыстық, өндірістік үй-жайлар мен аумақты жинау үшін сабын-жуғыш заттармен, құрал-сайман мен және құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
Р. Жақсылықов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 11 шілде № 718 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектілеріндегі қызметтік, тұрмыстық, өндірістік үй-жай мен аумақты жинау үшін сабын-жуғыш заттармен, құрал-сайман мен және құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Р/с № | Атауы | Өлшем бірлігі | Сандық сипаттағы норма | Қолданыс мерзімі | Қолдану саласы | Нормалардың анықтамасын және қолданылуын нақтылайтын сипаттама |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Қызметтік, тұрмыстық және өндірістік үй-жайды жинау | ||||||
1 |
Иіс сабын | дана | 4 | 1 ай | Қолды дезинфекциялау және тазарту үшін |
Санитариялық торапқа 400 г |
2 | Шүберек | шаршы м | 4 | 1 ай | Санитариялық торапты жуып-жинау үшін |
Санторапта бір тазалаушыға еден жуу үшін |
3 | Шүберек | шаршы м | 4 | 1 ай | Үй-жайды жуып-жинау үшін |
Үй-жайда еден жууға арналған 1 тазалаушыға |
4 | Фланель (микрофибра) | дана | 4 | 1 ай | Үй-жайды жинау, жиһаз бен кеңсе жабдығын сүрту үшін |
Бір тазалаушыға |
5 | Тазартқыш зат | литр | 0,5 | 1 ай | Унитаздың төменгі жағын тазарту үшін |
1 құрылғыға (санторап/унитаз) |
6 | Белизна, хлор (хлорамин) | литр | 0,5 | 1 ай | Дәретхананы ағарту, дезодорациялау және дезинфекциялау үшін |
1 унитазға |
7 | Ауа тазартқыш** | дана | 1 | 1 ай | Жағымсыз иісті жою үшін |
санторапқа |
8 | Дәретхана қағазы** | орам | 4 | 1 ай | Жеке гигиеналық мақсатта пайдалану үшін |
1 кабинаға |
9 | Еден жуатын швабра | дана | 1 | 12 ай | Еден жуу кезінде жағдай жасау үшін |
1 тазалаушыға |
10 | Унитаз щеткасы | дана | 1 | 12 ай | Унитазды таза ұстау үшін |
1 унитазға |
11 | Сыпырғыш | дана | 1 | 6 ай | Үй-жайды жинау кезінде жағдай жасау үшін |
1 тазалаушыға |
12 | Қоқыс жинайтын қалақ | дана | 1 | 12 ай | Үй-жайды жинау кезінде қоқыс жинау үшін |
1 тазалаушыға |
13 | Шелек | дана | 1 | 12 ай | Үй-жайды жинау кезінде сұйықтық құятын ыдыс |
1 тазалаушыға |
14 | Полиэтилен қапшық*** | пакет | 20 | 1 ай | Бір рет пайдалану және қоқыс салынған ыдысқа тастау үшін |
1 жұмыс орнына қоқыс үшін |
2. Аумақты тазалау | ||||||
15 | Үшкір күрек**** | дана | 1 | 24 ай | Жер қазу жұмысында пайдалану үшін |
1 мекемеге |
16 | Қалақты күрек**** | дана | 1 | 24 ай | Жер қазу жұмысында пайдалану үшін |
1 мекемеге |
17 | Мұздан тазартатын қырғыш | дана | 2 | 24 ай | Қысқы жағдайда аумақты мұздан тазарту кезінде пайдалану үшін |
1 мекемеге |
18 | Биялай | жұп | 1 | 1 ай | Қолды кірден, шаңнан және қажалудан қорғау үшін |
1 адамға |
19 | Сыпырғыш**** | дана | 1 | 12 ай | Аумақты жинау кезінде жағдай жасау үшін |
1 мекемеге |
20 | Темір қалақ**** | дана | 1 | 12 ай | Аумақты жинау кезінде қоқыс жинау үшін |
1 мекемеге |
21 | Темір шелек**** | дана | 1 | 12 ай | Аумақты жинау кезінде қоқыс салынатын ыдыс |
1 мекемеге |
22 | 15-25 метрлік суару шлангісі | дана | 1 | 24 ай | Гүл, көгал, ағаш суару және аумақта сумен басқа да жұмыс істеу үшін |
1 объектіге |
23 | Бір осьті жүк арбасы | дана | 1 | 84 ай | Аумақты жинау кезінде түскен жапырақты, қоқысты және басқа да қалдықты жинау үшін |
|
24 | Шөп шапқыш | дана | 1 | 84 ай | Тегіс жерді өңдеу кезінде шөп шабу үшін | 2 штатты аула тазалағышқа Еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған құрал |
25 | Триммер | дана | 1 | 84 ай | Көгал қырқу, ағаштың бұтасы мен жас бұтағын кесу үшін | 2 штатты аула тазалағышқа Еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған құрал |
Ескертпе:
*1 адамға 1 айға (24 жұмыс күні) 30 г. Есептеу қабаттағы жеке құрам санынан жүргізіледі.
** мерзімді әскери қызметшілер жоқ тек әкімшілік ғимаратта қолданылады.
***1 қоқыс жәшігіне есебінен, бұл ретте санторапта толған кезде күн сайын ауыстырылады.
****жеке құрам санына қарай 10 адамға 1 құралдан.