Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектілеріндегі қызметтік, тұрмыстық, өндірістік үй-жайлар мен аумақты жинау үшін сабын-жуғыш заттармен, құрал-сайман мен және құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 11 шiлдедегi № 718 бұйрығы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектілеріндегі қызметтік, тұрмыстық, өндірістік үй-жайлар мен аумақты жинау үшін сабын-жуғыш заттармен, құрал-сайман мен және құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
Р. Жақсылықов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2024 жылғы 11 шілде
№ 718 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектілеріндегі қызметтік, тұрмыстық, өндірістік үй-жай мен аумақты жинау үшін сабын-жуғыш заттармен, құрал-сайман мен және құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Сандық сипаттағы норма

Қолданыс мерзімі

Қолдану саласы

Нормалардың анықтамасын және қолданылуын нақтылайтын сипаттама

1

2

3

4

5

6

7

1. Қызметтік, тұрмыстық және өндірістік үй-жайды жинау

1

Иіс сабын
(сұйық сабын)*

дана

4

1 ай

Қолды дезинфекциялау және тазарту үшін

Санитариялық торапқа 400 г
Аурудың таралуын болдырмау мақсатында

2

Шүберек

шаршы м

4

1 ай

Санитариялық торапты жуып-жинау үшін

Санторапта бір тазалаушыға еден жуу үшін
Аурудың таралуын болдырмау мақсатында

3

Шүберек

шаршы м

4

1 ай

Үй-жайды жуып-жинау үшін

Үй-жайда еден жууға арналған 1 тазалаушыға
Аурудың таралуын болдырмау мақсатында

4

Фланель (микрофибра)

дана

4

1 ай

Үй-жайды жинау, жиһаз бен кеңсе жабдығын сүрту үшін

Бір тазалаушыға
Респираторлық аурудың таралуын болдырмау мақсатында

5

Тазартқыш зат

литр

0,5

1 ай

Унитаздың төменгі жағын тазарту үшін

1 құрылғыға (санторап/унитаз)
Дәретханада гигиенаны сақтау

6

Белизна, хлор (хлорамин)

литр

0,5

1 ай

Дәретхананы ағарту, дезодорациялау және дезинфекциялау үшін

1 унитазға
Дәретханада гигиенаны сақтау

7

Ауа тазартқыш**

дана

1

1 ай

Жағымсыз иісті жою үшін

санторапқа
Ауаға табиғи хош иіс шашып, жағымсыз иістен қорғау арқылы бөлмеде қосымша жайлылықты қамтамасыз ететін зат

8

Дәретхана қағазы**

орам

4

1 ай

Жеке гигиеналық мақсатта пайдалану үшін

1 кабинаға
Дәретханада гигиенаны сақтау

9

Еден жуатын швабра

дана

1

12 ай

Еден жуу кезінде жағдай жасау үшін

1 тазалаушыға
Еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған құрал

10

Унитаз щеткасы

дана

1

12 ай

Унитазды таза ұстау үшін

1 унитазға
Дәретхананы гигиеналық жағдайда ұстауға арналған құрал

11

Сыпырғыш

дана

1

6 ай

Үй-жайды жинау кезінде жағдай жасау үшін

1 тазалаушыға
Еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған құрал

12

Қоқыс жинайтын қалақ

дана

1

12 ай

Үй-жайды жинау кезінде қоқыс жинау үшін

1 тазалаушыға
Еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған құрал

13

Шелек

дана

1

12 ай

Үй-жайды жинау кезінде сұйықтық құятын ыдыс

1 тазалаушыға
Еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған құрал

14

Полиэтилен қапшық***

пакет

20

1 ай

Бір рет пайдалану және қоқыс салынған ыдысқа тастау үшін

1 жұмыс орнына қоқыс үшін
Тұрмыста пайдалану үшін шығыс материалы

2. Аумақты тазалау

15

Үшкір күрек****

дана

1

24 ай

Жер қазу жұмысында пайдалану үшін

1 мекемеге
Еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған құрал

16

Қалақты күрек****

дана

1

24 ай

Жер қазу жұмысында пайдалану үшін

1 мекемеге
Еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған құрал

17

Мұздан тазартатын қырғыш

дана

2

24 ай

Қысқы жағдайда аумақты мұздан тазарту кезінде пайдалану үшін

1 мекемеге
Еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған құрал

18

Биялай

жұп

1

1 ай

Қолды кірден, шаңнан және қажалудан қорғау үшін

1 адамға
Еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған құрал

19

Сыпырғыш****

дана

1

12 ай

Аумақты жинау кезінде жағдай жасау үшін

1 мекемеге
Еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған құрал

20

Темір қалақ****

дана

1

12 ай

Аумақты жинау кезінде қоқыс жинау үшін

1 мекемеге
Еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған құрал

21

Темір шелек****

дана

1

12 ай

Аумақты жинау кезінде қоқыс салынатын ыдыс

1 мекемеге
Еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған құрал

22

15-25 метрлік суару шлангісі

дана

1

24 ай

Гүл, көгал, ағаш суару және аумақта сумен басқа да жұмыс істеу үшін

1 объектіге
Еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған құрал

23

Бір осьті жүк арбасы

дана

1

84 ай

Аумақты жинау кезінде түскен жапырақты, қоқысты және басқа да қалдықты жинау үшін

 
2 штатты аула тазалағышқа Еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған құрал

24

Шөп шапқыш

дана

1

84 ай

Тегіс жерді өңдеу кезінде шөп шабу үшін

2 штатты аула тазалағышқа Еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған құрал

25

Триммер

дана

1

84 ай

Көгал қырқу, ағаштың бұтасы мен жас бұтағын кесу үшін

2 штатты аула тазалағышқа Еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған құрал

      Ескертпе:

      *1 адамға 1 айға (24 жұмыс күні) 30 г. Есептеу қабаттағы жеке құрам санынан жүргізіледі.

      ** мерзімді әскери қызметшілер жоқ тек әкімшілік ғимаратта қолданылады.

      ***1 қоқыс жәшігіне есебінен, бұл ретте санторапта толған кезде күн сайын ауыстырылады.

      ****жеке құрам санына қарай 10 адамға 1 құралдан.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады