ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша кір-жуу комбинаттары жұмыскерлері санының нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14722 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша кір-жуу комбинаты жұмыскерлері санының үлгілік нормасы мен нормативін бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 101-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша кір-жуу комбинаты жұмыскерлері санының үлгілік нормасы мен нормативі бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша кір-жуу комбинаттары жұмыскерлері санының нормативтерінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша кір-жуу комбинаты жұмыскерлері санының үлгілік нормасы мен нормативі".
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
Р. Жақсылықов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі