Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша кір-жуу комбинаттары жұмыскерлері санының нормативтерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 595 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 қаңтарда № 14722 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қорғаныс министрінің 28.08.2024 № 943 бұйрығымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Кіріспе жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қорғаныс министрінің 28.08.2024 № 943 бұйрығымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 101-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2024 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қорғаныс министрінің 28.08.2024 № 943 бұйрығымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша кір-жуу комбинаттары жұмыскерлері санының нормативтері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тылының бастығы:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

      2) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне ұсынсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 15.02.2021 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.

      5. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      Т. Дүйсенова

      2016 жылғы 22 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2016 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 595 бұйрығымен
бекітілген

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Тақырып жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қорғаныс министрінің 28.08.2024 № 943 бұйрығымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша кір-жуу комбинаттары жұмыскерлері санының нормативтері

1 тарау. Жалпы бөлім

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша кір-жуу комбинаттары жұмыскерлері санының нормативтері (ары қарай – Санының нормативтері) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелері монша-кір жуу комбинаттары (бұдан әрі – МКК) жұмыскерлерінің еңбегін нормалау, қажетті нормативтік санын, уақыт нормаларын айқындау және негіздеу үшін арналған.

      2. Санының нормативтері 40 сағаттық жұмыс аптасы кезінде жұмыс уақытының жылдық нормасы ішінде бір жұмыскер орындайтын жұмыс көлемінде белгіленген және жұмыс уақытын анағұрлым толық және ұтымды пайдалануды ескере отырып әзірленген.

      3. Сан нормативтері мынадай құжаттар негізінде әзірленді:

      1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1036 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12736 болып тіркелген);

      3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 310-ө бұйрығымен бекітілген Жұмысшылардың еңбегін нормалау үшін нормалар мен нормативтерді белгілеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;

      4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 344/1-ө бұйрығымен бекітілген Ұйымдарда хронометраждық жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;

      5) жұмыскерлердің жұмысын орындаудың және еңбегін ұйымдастырудың ұйымдастыру-техникалық шарттарын зерделеу материалдары;

      6) МКК жұмыскерлерінің санына ықпал ететін факторлардың (сол немесе өзге де жұмысқа уақыт нормаларының) сандық мәні;

      7) хронометраждық қадағалау, жұмысшылардың нақты саны мен орындалатын жұмыс көлемі туралы МКК-ның деректері;

      8) еңбек жөніндегі нормативтік материалдарды әзірлеу жөніндегі еңбек ғылыми-зерттеу институтының әдістемелік ұсынымдары.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2024 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жұмыс бірлігін орындауға уақыт нормалары: жедел уақытты, дайындалу-аяқтау уақытын, жұмыс орнына қызмет көрсетуге, демалу мен жеке қажеттіліктерге уақытты қамтиды. Жедел уақыт мәніне байланысты МКК кәсіптері (лауазымдары) бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормативінің шамасын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      мұндағы Нуақ – нақты жұмыс түрін орындауға уақыт нормасы, сағ.;

      Тжед – жедел уақыт, мин.;

      К – жұмыс орнына ұйымдастыру-техникалық қызмет көрсетуге, демалуға (жұмысты орындау кезінде мәжбүрлі кідірістерді, гимнастикалық жаттығуларды қоса алғанда) және жеке қажеттіліктерге, сондай-ақ дайындалу-аяқтау жұмыстарына жұмсалатын уақытты ескеретін, жедел уақыттан %-дағы коэффициент. Жұмыскерлердің жұмыс уақытын хронометраждық қадағалауларды талдау нәтижелері бойынша К жедел уақыт мөлшерінің 10 %-ына тең болып қабылданады.

      Нормаланатын жұмыстардың жылдық еңбек сыйымдылығы (Тн) орындалатын жұмыстардың әрбір түрінің көлемі ескеріле отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:

     


      мұндағы Нуақ – нақты жұмыс түрін орындауға арналған уақыт нормасы, сағ.;

      Vi – бір жылда орындалатын нақты жұмыс түрінің көлемі, i = 1, 2, ..., n – орындалатын жұмыс түрлері.

      Орындалған жұмыстардың жылдық көлемі (Vi) МКК-ның есептік деректеріне сәйкес айқындалады.

      Жұмыскерлердің нормативтік саны (С) мынадай формула бойынша есептеледі:

     


      мұндағы С – жұмыскерлердің нормативтік саны, адам;

      Тн – нормаланатын жұмыстардың жылдық еңбек сыйымдылығы, адам-сағ;

      Фn – 40 сағаттық жұмыс аптасы кезінде күнтізбелік жылдың жұмыс уақытының балансы, сағ.

      5. Нормативтермен дайындалу-аяқтау уақыты, жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты, демалу мен жеке қажеттіліктерге уақыт ескерілді.

      6. Кәсіптер (лауазымдар) атауы жұмыстар мен жұмысшылардың мамандықтарының Бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамасына сәйкес келеді.

2 тарау. Еңбекті ұйымдастыру

      7. МКК жұмыскерлерінің қызметі біліктілік анықтамалықтарға және бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалықтарына сәйкес функционалдық нұсқаулықтармен регламенттеледі.

      8. Жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына, өнеркәсіп санитариясы мен гигиенасы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 15.02.2021 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Жұмысты орындаушылар арасында бөлу кезінде жұмыскерлердің қажетті дағдыларды меңгеруіне және тапсырмаларды орындауын жеделдетуге ықпал ете отырып, олардың біліктілігі мен тәжірибесін ескеру қажет.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 15.02.2021 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. МКК жұмыскерлері өз қызметінде қызмет көрсету саласындағы заңнамасын басшылыққа алады.

      11. МКК қолданатын жабдық:

      1) кір жуу машинасы;

      2) центрифуга;

      3) кептіргіш барабан;

      4) тегістегіш каток;

      5) тігін машинасы;

      6) қосалқы жабдық және басқалар.

      11. МКК жұмыскерлері еңбек және демалыс режимін, белгіленген күн тәртібін және жұмыскерлердің тұрақты жұмыс істеу қабілеті жоғары болатын күннің бірінші жартысында анағұрлым еңбек сыйымдылығын орындаумен барлық міндетті жұмыстарды регламенттеуді сақтайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 15.02.2021 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3 тарау. Нормативтік бөлік

      12. МКК-ның "Шаруашылықты қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері.

      1) жұмыс мәні:

      МКК шаруашылық қызметіне басшылық жасау;

      кір жууды және әскери бөлімдер мен мекемелердің жеке құрамын моншаға түсіруді жүзеге асырумен байланысты МКК мақсаты мен міндетін айқындау;

      Сандық және сапалық көрсеткіштерге сәйкес тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ету;

      материалдық құралдарды беру, есепке алу және сақтау;

      материалдық құралдардық ұтымды пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;

      МКК жұмысындағы мәселелерді анықтау және талдау;

      МКК-ны білікті кадрмен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;

      белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз ету;

      еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындау.

      2) орындаушы – МКК меңгерушісі.

      Жұмыскерлердің саны 5 және одан астам адам болған кезде МКК меңгерушісінің лауазымы енгізіледі.

      МКК жұмыскерлерінің саны 4 және одан аз бірлік болған кезде МКК меңгерушісінің міндеттері МКК жұмыскерінің біреуіне жүктеледі.

      13. "Киімді жиынтықтауды қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері.

      1) жұмыс мәні:

      біртекті технологиялық белгілеріне, өңдеу тәсілдері мен түрлеріне, түрі мен түсіне, кірлеу сипаты мен дәрежесіне қарай киімді қабылдау және сұрыптау;

      кір киімдерді жууға беру;

      таза киімді қабылдау және оларды жиынтықтау;

      таза киімді беру;

      2) орындаушы – киімді жиынтықтаушы, киімдерді жиынтықтаушылардың сан нормативі қазіргі Санының нормативтерінің 1 қосымшасына келтірілген.

      14. "Киім жууды қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері.

      1) жұмыс мәні:

      кір киімді қабылдау;

      киімді кір жуу машинасына салу;

      кір жуу машиналарында киім жуудың технологиялық процесін жүргізу;

      кір жуу процесін өткізу және қадағалау;

      жуылған киімді кір жуу машиналарынан шығару;

      жуылған киімнің тазалығын айқындау;

      жуылған киімді одан әрі технологиялық операция жүргізуге беру.

      2) орындаушы – кір жуу машиналарының операторы, кір жуу машиналары операторларының сан нормативі қазіргі Санының нормативтерінің 2 қосымшасына келтірілген.

      15. "Киімді центрифугада сығуды қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері.

      1) жұмыс мәні:

      бұйымдар бояуының беріктігін және оларды басқа киіммен бірге салу мүмкіндіктерін айқындау;

      центрифугаға киімді салу және оны қосу;

      центрифуганың дұрыс жұмыс істеуін қадағалау;

      центрифуганы тоқтату және киімді шығару;

      киімді сығу дәрежесін айқындау (қалған ылғалдылық).

      2) орындаушы – киімді центрифугада сығушы, киімді центрифугада сығушылардың сан нормативі қазіргі Санының нормативтерінің 3 қосымшасына келтірілген.

      16. "Киім кептіруді қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері.

      1) жұмыс мәні:

      кептіру машиналарын (барабандарды) жұмысқа дайындау;

      киімді кептіру машиналарына (барабандарға) салу;

      әртүрлі киімді кептіру ұзақтығын айқындау;

      киімді кептіру машиналарында (барабандарда) кептіру. Кептіру процесін тексеру, кептіру барабандарындағы температура режимін бақылау;

      киімді кептіру барабанынан шығару. Киімді кептіргеннен кейінгі ылғалдылықты айқындау.

      2) орындаушы – киім кептіру қондырғыларының аппаратшысы, киім кептіру қондырғылары аппаратшыларының сан нормативі қазіргі Санының нормативтерінің 4 қосымшасына келтірілген.

      17. "Киімді үтіктеуді қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері.

      1) жұмыс мәні:

      машиналардың үстіңгі жұмыс қабатын толық пайдаланғанға дейін сәйкес келетін киім ассортиментін іріктеу;

      киімнің қатпарларын жаза отырып, катоктың қысу біліктеріне салу, киім заттарын салу және плита подушкасына бөлу;

      киімді үтіктеу;

      үтіктелген киімді қабылдау және жинақтап қою.

      2) орындаушы – үтіктеуші (киімдерді), үтіктеушілердің (киімдерді) сан нормативі қазіргі Санының нормативтерінің 5 қосымшасына келтірілген.

      18. "Киімді жөндеуді қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері.

      1) жұмыс мәні:

      киімді жұмыс орнына тасымалдау;

      тігін машиналарында немесе қолмен бұйымдарды жөндеу бойынша қарапайым операцияларды орындау;

      жөндеуден кейін киімді бүктеп-салу.

      2) орындаушы – тігінші (киімді жөндеу жөніндегі), тігіншілердің (киімді жөндеу жөніндегі) сан нормативі қазіргі Санының нормативтерінің 6 қосымшасына келтірілген.

      19. "Өндірістік үй-жайларды жинап-тазалауды қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері.

      1) жұмыс мәні:

      жинап-тазалау заттары мен айла-бұйымдарын ауысым басында жұмыс орнына және ауысым соңында оларды сақтау үшін белгіленген орынға жеткізу;

      еденді сыпыру немесе жуу. Сыпыру алдында қажет болған кезде еденге су себу;

      еденді жуу немесе ылғалдап сыпыру кезінде қажеттілігіне қарай жуу ерітіндісін немесе суды ауыстыру;

      терезелер алдын, жылыту құбырларын, хабарландыру тақталарын, плакаттарды сүрту;

      терезелерді, қабырғаларды, панельдерді, есіктерді, төбелерді жуу немесе сүртіп-тазалау;

      қоқысты белгіленген орынға жеткізу.

      2) орындаушы – өндірістік үй-жайларды жинап-тазалаушы, өндірістік үй-жайларды жинап-тазалаушылардың сан нормативі қазіргі Санының нормативтерінің 7 қосымшасына келтірілген.

      20. "Машиналар мен жабдықты жөндеу жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері.

      1) жұмыс мәні:

      барлық машиналардың, агрегаттардың, қозғалтқыштардың, қуат беретін және компрессорлық қондырғылардың, ауаны салқындатуға арналған қондырғылардың және т.б. жай-күйін қадағалау (профилактикалық қарап-тексеру, тазалау және майлау, бұзылуларды реттеу және жою);

      жабдықты жөндеуді орындау;

      жұмыскерлердің жабдықты пайдалану қағидаларын орындауын бақылау.

      2) орындаушы – слесарь-жөндеуші, слесарь-жөндеушілердің сан нормативі қазіргі Санының нормативтерінің 8 қосымшасына келтірілген.

      21. "Электр жабдығын жөндеу жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері.

      1) жұмыс мәні:

      жарық және қуат беретін электр жабдығының жұмыс істеуін қадағалау және қамтамасыз ету;

      анықталған барлық ақаулар мен олқылықтарды жою;

      электр жабдығын жөндеу;

      электр желілерінің ақаусыздығын қадағалау.

      2) орындаушы – электр жабдығын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, электр жабдығын жөндеу жөніндегі слесарь-электриктердің сан нормативі қазіргі Санының нормативтерінің 9 қосымшасына келтірілген.

      22. "Моншаға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері.

      1) жұмыс мәні:

      душ қондырғыларының, крандардың, душ сеткаларының, баспалдақ торларының, терезелердің жай-күйін қадағалау;

      дезинфекциялық ерітінділерді дайындау;

      ауыз су бөшкелерін толтыру;

      қоқыстарға арналған урналарды қою, оларды тазалау және дезинфекциялау;

      жалпы пайдалануға арналған дәретханаларды, қолжуғыштарды, душтарды, гардеробтарды және басқа да жалпы пайдалану орындарын тазалау және дезинфекциялау.

      2) орындаушы – моншада қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы (моншашы), моншада қызмет көрсету жөніндегі жұмысшылардың (моншашылардың) сан нормативі қазіргі Санының нормативтерінің 10 қосымшасына келтірілген.

      23. "Қазандық жұмысын қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері.

      1) жұмыс мәні:

      қатты отынмен жұмыс істейтін су қыздыру және бу қазандықтарына қызмет көрсету;

      қоректендіру желілерін қайта қосу;

      бу құбырларын толтыру және алмастыру;

      қазандықтардың автоматты қоректендіру аппаратурасын қосу және ажырату;

      қазандықтарды, олардың қосалқы тетіктерін, бақылау-өлшеу аспаптарын профилактикалық қарап-тексеру және қазандық агрегаттарын жоспарлы-алдын ала жөндеуге қатысу;

      қазандықтарды және олардың қосалқы тетіктерін жөндеуден қабылдау және оларды жұмысқа дайындау;

      жабдық жұмысындағы ақаулардың алдын алу және болдырмау.

      2) орындаушы – қазандық машинисі (от жағушы).

      Қазандық машинисі (от жағушы) саны нормативтері 1 ауысымға 1 бірлікті құрайды.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі әскери
бөлімдері мен мекемелерінің
техникалық қызмет көрсетуін
және іс-әрекеттігін қамтамасыз
ететін монша кір-жуу
комбинаттары жұмысшыларының санының
нормативтеріне 1 қосымша

Киімдерді жиынтықтаушылардың сан нормативі

Бір жылда киім мөлшері, кг

Сан нормативтері, бірл.

75 000 – 100 000

0,5

100 001 – 150 000

1,0

150 001 – 200 000

1,5

200 001 – 250 000

2,0

250 001 – 300 000

2,5

300 001-ден астам

3,0

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі әскери
бөлімдері мен мекемелерінің
техникалық қызмет көрсетуін
және іс-әрекеттігін қамтамасыз
ететін монша кір-жуу
комбинаттары жұмысшыларының санының
нормативтеріне 2 қосымша

Кір жуу машиналары операторларының сан нормативі

Бір жылда киім мөлшері, кг

Сан нормативтері, бірл.

0 – 30 000

0,5

30 001 – 60 000

1,0

60 001 – 100 000

1,5

100 001 – 150 000

2,0

150 001 – 200 000

2,5

200 001 – 250 000

3,0

250 001 – 300 000

3,5

300 001 – 350 000

4,0

350 001-ден астам

4,5

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі әскери
бөлімдері мен мекемелерінің
техникалық қызмет көрсетуін
және іс-әрекеттігін қамтамасыз
ететін монша кір-жуу
комбинаттары жұмысшыларының санының
нормативтеріне 3 қосымша

Киімді центрифугада сығушылардың сан нормативі

Бір жылда киім мөлшері, кг

Сан нормативтері, бірл.

0 – 50 000

0,5

50 001 – 100 000

1,0

100 001 – 150 000

1,5

150 001 – 200 000

2,0

200 001-ден астам

2,5

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі әскери
бөлімдері мен мекемелерінің
техникалық қызмет көрсетуін
және іс-әрекеттігін қамтамасыз
ететін монша кір-жуу
комбинаттары жұмысшыларының санының
нормативтеріне 4 қосымша

Киім кептіру қондырғыларының аппаратшыларының сан нормативі

Бір жылда киім мөлшері, кг

Сан нормативтері, бірл.

0 – 30 000

0,5

30 001 – 60 000

1,0

60 001 – 100 000

1,5

100 001 – 150 000

2,0

150 001 – 200 000

2,5

200 001 – 250 000

3,0

250 001 – 300 000

3,5

300 001 – 350 000

4,0

350 001 – ден астам

4,5

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі әскери
бөлімдері мен мекемелерінің
техникалық қызмет көрсетуін
және іс-әрекеттігін қамтамасыз
ететін монша кір-жуу
комбинаттары жұмысшыларының санының
нормативтеріне 5 қосымша

Үтіктеушілердің (киімдерді) сан нормативі

Бір жылда киім мөлшері, кг

Сан нормативтері, бірл.

0 – 25 000

0,5

25 001 – 50 000

1,0

50 001 – 75 000

1,5

75 001 – 100 000

2,0

100 001 – 125 000

2,5

125 001 – 150 000

3,0

150 001 – 175 000

3,5

175 001 – ден астам

4,0

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі әскери
бөлімдері мен мекемелерінің
техникалық қызмет көрсетуін
және іс-әрекеттігін қамтамасыз
ететін монша кір-жуу
комбинаттары жұмысшыларының санының
нормативтеріне 6 қосымша

Тігіншілердің (киімді жөндеу жөніндегі) сан нормативі

Бір жылда киім мөлшері, кг

Сан нормативтері, бірл.

1 – 50 000

0,5

50 001 – 100 000

1,0

100 001 – 150 000

2,0

150 001-ден астам

3,0

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі әскери
бөлімдері мен мекемелерінің
техникалық қызмет көрсетуін
және іс-әрекеттігін қамтамасыз
ететін монша кір-жуу
комбинаттары жұмысшыларының санының
нормативтеріне 7 қосымша

Өндірістік үй-жайларды жинап-тазалаушылардың сан нормативі

Тазалайтын аудан көлемі, м2

Сан нормативтері, бірл.

1 – 500

0,5

501 – 1 000

1,0

1 001 – 2 000

2,0

2 001 – 3 000

3,0

3 001 – 4 000

4,0

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі әскери
бөлімдері мен мекемелерінің
техникалық қызмет көрсетуін
және іс-әрекеттігін қамтамасыз
ететін монша кір-жуу
комбинаттары жұмысшыларының санының
нормативтеріне 8 қосымша

Слесарь-жөндеушілердің сан нормативі

Жабдық бірлігінің саны, дана

Сан нормативтері, бірл.

1 – 50

0,5

51 – 100

1,0

101 – 150

1,5

151 – 200

2,0

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі әскери
бөлімдері мен мекемелерінің
техникалық қызмет көрсетуін
және іс-әрекеттігін қамтамасыз
ететін монша кір-жуу
комбинаттары жұмысшыларының санының
нормативтеріне 9 қосымша

Электр жабдығын жөндеу жөніндегі слесарь-электриктердің сан нормативі

Электр жабдығы бірлігінің саны, дана

Сан нормативтері, бірл.

1 – 50

0,5

51 – 100

1,0

101 – 150

1,5

151 – 200

2,0

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі әскери
бөлімдері мен мекемелерінің
техникалық қызмет көрсетуін
және іс-әрекеттігін қамтамасыз
ететін монша кір-жуу
комбинаттары жұмысшыларының санының
нормативтеріне 10 қосымша

Моншада қызмет көрсету жөніндегі жұмысшылардың (моншашылардың) сан нормативі

Бір жылда қызмет көрсетілетін жеке құрам саны, адам

Сан нормативтері, бірл.

1 – 30 000

0,5

30 001 – 100 000

1

100 001 – 200 000

1,5

200 001 – 300 000

2,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады