Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақкөл ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы | С.Абаханов |
Ақкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 мамырдағы № С 22-4 шешіміне қосымша |
Ақкөл ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | есептік бірлік | теңге (қосылған құн салығысыз) |
Жайлы үйлер |
айына | 415,00 |
Жайлы емес үйлер |
айына | 456,24 |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 3093,17 |