Ақкөл ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 мамырдағы № С 22-4 шешімі

      Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақкөл ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы С.Абаханов

  Ақкөл аудандық мәслихатының
2024 жылғы 29 мамырдағы
№ С 22-4 шешіміне
қосымша

Ақкөл ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

есептік бірлік

теңге (қосылған құн салығысыз)

Жайлы үйлер

айына
1 тұрғыннан

415,00

Жайлы емес үйлер

айына
1 тұрғыннан

456,24

Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

3093,17


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады