"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналык кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі КММ) қосымшаға сәйкес қызметкерлердің лауазымдық айлық ақыларына көтермелеу үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын анықтау.
2. Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне (оның ішінде А3/3, С2, C3) санаттарының қызметкерлері лауазымдық жалақыдан 50% - ға (елу пайыз) дейінгі мөлшерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Ш.Х. Ахметоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Шортанды ауданы әкімінің міндетін атқарушы | А.Махфуз |
Шортанды ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 қазандағы № А-4/231 қаулысына қосымша |
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына көтермелеу үстемеақыларын белгілеудің осы тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы No 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасы негізінде әзірленді және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы-қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына, сондай-ақ өтемақы және ынталандырушы сипаттағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.
3. Мемлекеттік басқару органы-жарғыға сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның уәкілетті органы болып табылатын тиісті саладағы мемлекеттік мекеме.
4. Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуте арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.
2 тарау. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
5. Ынталандырушы үстемеақылар персоналды ынталандыру және білікті кадрлар құрамын сақтау мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
6. Осы қаулыда көрсетілген бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, "Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының, қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
7. Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың төленген түрлерін тоқтату үшін негіз болып табылмайды (сылықаққылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстемеақылар, үстеме жұмыс және т.б.).
8. Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады.
9. Ынталандырушы үстемеақылар еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
10. Шортанды ауданның бюджеті, сондай-ақ кәсіпорындардың меншікті қаражаты бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлемдерін қаржыландыру көзі болып табылады.
11. Мемлекеттік басқару органы мемлекеттік органдардың штаттан тыс қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымның қызметкерлері үшін мемлекеттік мекеменің және ведомстволық бағынысты ұйымның бірінші басшысының ұсынысы негізіңде лауазымдық айлықақыларға ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілейді.
3 тарау. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
12. Мемлекеттік басқару органы ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
13. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті үәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес Шортанды ауданының бюджетінен ынталандыру үстеме төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті бюджет қаражатын көздейді және бюджет жобасын Шортанды ауданының мәслихатына жібереді.
14. Уәкілетті орган ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілегеннен кейін мемлекетік мекеменің және коммуналдық мемлекеттік мекеменің/кәсіпорынның басшысы қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеу туралы бұйрық шығарады.
15. Мемлекеттік мекеменің және коммуналдық мемлекеттік мекеменің/кәсіпорынның басшысы еңбек және/немесе атқарушылық тәртіпті бұзған жағдайда, өз қызметкерлерінің ынталандыру үстемесінің мөлшерін жеке тәртіппен қайта қарауға құқылы.
16. Ынталандырушы үстемеақылар қызметкер сынақ мерзімінде болған кезеңде төленбейді.
17. Тиісті лауазым санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда ынталандырушы үстемеақылар төленбейді.