"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1 тармағына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды ауданы бойынша 2024 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері ай сайын бір шаршы метр үшін 31 теңге сомасында бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы | Г.Сәдуақасова |