Шортанды ауданы бойынша 2024 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 мамырдағы № 8С-20/5 шешімі

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1 тармағына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шортанды ауданы бойынша 2024 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері ай сайын бір шаршы метр үшін 31 теңге сомасында бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы Г.Сәдуақасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады