Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 09.04.2024 № 38 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 02-08-03/08 ұсынысы негізінде Қарауылкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы Д. Қонаев көшесі № 30 үй 1 пәтердің тұрғыны Ускинов Нурыланың жеке мал қоралары орналасқан аумақтарына шектеу іс- шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі |
А. Ергалиев |