Шектеу іс-шараларын алу және Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 9 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 38 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 02-08-03/70 ұсынысы негізінде, Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің Қарауылкелді ауылы Д.Қонаев көшесі № 30 үй 1 пәтердің мүйізді ірі-қара малдары арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралары жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 9 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі А. Ергалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады