Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 9 шешімі. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 38 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 09.04.2024 № 38 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 02-08-03/08 ұсынысы негізінде Қарауылкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы Д. Қонаев көшесі № 30 үй 1 пәтердің тұрғыны Ускинов Нурыланың жеке мал қоралары орналасқан аумақтарына шектеу іс- шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарауылкелді ауылдық
округінің әкімі
А. Ергалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады