Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өнеркәсіптік меншік саласындағы кәсіптік стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 14 ақпандағы № 139 бұйрығы

      "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Өнеркәсіптік меншік объектілерін сараптау жөніндегі қызмет" кәсіптік стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
А.Н. Есқараев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2024 жылғы 14 ақпандағы
№ 139 бұйрығына қосымша

"Өнеркәсіптік меншік объектілерін сараптау жөніндегі қызмет" кәсіби стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес "Өнеркәсіптік меншік объектілерін сараптау жөніндегі қызмет" кәсіптік стандарты әзірленді, ол өнеркәсіптік меншік объектілеріне қатысты сараптама жүргізетін сараптама ұйымы мамандарының біліктілік деңгейіне, құзыреттілігіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған және зияткерлік меншік саласында қолданылады.

      2. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен айқындаулар қолданылады:

      1) білім – кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

      2) дағды – кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

      3) зияткерлік меншік – зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне және азаматтық айналымға, тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге қатысушыларды дараландыру құралдарына айрықша құқық, сондай-ақ жеке мүліктік емес құқықтар;

      4) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

      5) кәсіп – жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;

      6) машық – кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;

      7) өнеркәсіптік меншік – өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне (қызмет көрсету белгілері), географиялық көрсеткіштерге, тауарлар шығарылған жерлердің атауларына айрықша құқық.

      3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:

      БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

      БА – Біліктілік анықтамалығы;

      СБШ – Салалық біліктілік шеңбері;

      ЭҚЖЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы мемлекеттік жіктеуіші.

2 тарау. Кәсіби стандарттың паспорты

      4. Кәсіптік стандарттың атауы "Өнеркәсіптік меншік объектілерін сараптау жөніндегі қызмет".

      5. Кәсіби стандарт коды: M69109.

      6. ЭҚЖЖ сәйкес секцияны, бөлімді, топты, сыныпты және кіші сыныпты көрсету:

      М - кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;

      69 - құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет;

      69.1 - құқық саласындағы қызмет;

      69.10 - құқық саласындағы қызмет;

      69.10.9 - құқық саласындағы өзге де қызмет.

      7. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: бұл стандарт Өнеркәсіптік меншік объектілеріне қатысты сараптама жүргізетін сараптама ұйымының мамандарына қойылатын талаптарды сипаттайды.

      Өнеркәсіптік меншік объектілерін сараптау жөніндегі қызмет-бұл әртүрлі зияткерлік меншік объектілеріне қатысты сараптамалық бағалаулар мен зерттеулер жүргізілетін мамандандырылған сала. Бұл сала зияткерлік меншік объектілеріне қатысты күзет алу мақсатында жүзеге асырылатын сараптама түрлерін қамтиды.

      Өнеркәсіптік меншік объектілері мыналарды қамтуы мүмкін:

      өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер;

      селекциялық жетістіктер;

      тауар белгілері (қызмет көрсету белгілері);

      географиялық көрсеткіштер;

      тауарлар шығарылған жерлердің атаулары және т. б.

      8. Кәсіптер карточкаларының тізбесі:

      СБШ бойынша зияткерлік меншік жөніндегі маман – 6 деңгей.

3-тарау. Кәсіп карточкалары

9. "Зияткерлік меншік жөніндегі маман" мамандығының карточкасы

Топтың коды

2611-3

Қызметтер атауының коды

2611-3-007

Кәсіп атауы

Зияткерлік меншік жөніндегі маман

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

6

СБШ бойынша кіші деңгейі

 
-

БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім
деңгейі (мамандық)

Жоғары білім (6B042 құқық (құқықтану, халықаралық құқық), 6B053 физикалық және химиялық ғылымдар (физика), және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі

Формалды емес және информалды біліммен байланыс

Жоқ.

Кәсіптердің басқа ықтимал атаулары

Зияткерлік меншік бойынша заңгер

Қызметтің негізгі мақсаты

Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді қарау және сараптама жүргізу.

Еңбек функцияларының тізбесі

Міндетті еңбек функциялары:

1. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жүргізу

2. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімдерін жүргізу

Қосымша еңбек функциялары:

-

Еңбек функцияларының сипаттамасы

1-еңбек функциясы:
Өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жүргізу

1-дағды:
Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді қарау

Машықтар:
1. Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін сандық құралдарды пайдалану;
2. Өтінімдер бойынша мәліметтерді толтырудың дұрыстығын тексеру;
3. Өтінім бойынша іскерлік хат алмасуды жүргізу;
4. Өтінімді қарау үшін ақпараттық жүйелерді қолдана білу;
5. Ұсынылған материалдарды зерттеп, оларды бағалау;
6. Өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеуге арналған өтінімге қатысты мәліметтерді бюллетеньде жариялау.

Білім:
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері және зияткерлік меншік саласындағы халықаралық актілер;
2. Ұйымдағы бизнес-процестердің әдістері;
3. Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің жұмыс істеу принциптері;
4. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөлігіндегі құқықтық аспектілер.

Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылады


2- дағды:
Біліктілік өтінімдері бойынша сараптама жүргізу:

Машықтар:
1. Патенттік және өзге де құжаттамаға талдау жүргізу;
2. Техникалық шешімдердің бірегейлігі мен жаңалығы дәрежесін анықтау;
3. Объектілер бойынша тиісті іздеу және салыстырмалы талдау жүргізу;
4. Сараптамалық қорытындылар жасау;
5. Жүргізілген сараптама негізінде есеп пен қорытынды жасау;
6. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жүргізу;
7. Басқа құрылымдық бөлімшелердің мамандарымен өзара әрекеттесу;
8. Белгіленген нормаларға сәйкес зерттеулер жүргізу;
9. Жүргізілетін зерттеулердің сапасын бақылауға қатысу;
10. Халықаралық стандарттарды ескеру.



Білім:
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері және зияткерлік меншік саласындағы халықаралық актілер;
2. Тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктелуі;
3. Сауда белгілеріне қатысты библиографиялық деректерді анықтауға арналған халықаралық кодтар;
6. Өнеркәсіптік үлгілерге қатысты библиографиялық деректерді анықтауға арналған халықаралық кодтар;
7. Өнертабыстар мен пайдалы модельдерге қатысты библиографиялық деректерді анықтауға арналған халықаралық кодтар;
8. Елдер мен үкіметаралық ұйымдардың атауларын ұсыну үшін екі әріптен тұратын кодтардың тізбесі;
9. Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық классификациясы;
10. Халықаралық патенттік жіктеу.

Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылады

2-еңбек функциясы:
Өнеркәсіптік меншік объектілерінің және даралау құралдарының мемлекеттік тізілімдерін жүргізу

1-дағды:
Бағдарламалық-техникалық кешенді меңгеру

Машықтар:
1. Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
2. Өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеуге қатысты мәліметтерді бюллетеньде жариялау;
3. Мемлекеттік тізілімдерден үзінді көшірмелер ұсыну.

Білім:
1. Жұмыс принциптері және Мемлекеттік тізілімдерді жүргізу тәртібі;
2. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе жұмысының негіздері;
3. Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері және зияткерлік меншік саласындағы халықаралық актілер.

Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылады

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Стратегиялық және жүйелік ойлау
Нәтижеге бағдарлау немесе сапаға бағдарлау
Тиімді қарым-қатынас дағдылары
Тұрақты өзін-өзі дамыту

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі

СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланысы

СБШ деңгейі

Кәсіптің атауы

7

Зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі сарапшы

4-тарау. Кәсіби стандарттың техникалық деректері

      10. Мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі.

      Орындаушы: Ж.Ж. Ысқақ, zh.yskak@adilet.gov.kz, 74-09-93.

      11. Әзірлеуге қатысқан ұйымдар (кәсіпорындар):

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      Орындаушы: А.В.Тринколенко, a.trinkolenko@kazpatent.kz, 62-15-09.

      12. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы зияткерлік меншік саласындағы кәсіптік біліктіліктер бойынша салалық кеңес: 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 2 хаттамасы.

      13. Кәсіптік біліктілік бойынша ұлттық орган: 2023 жылғы 14 желтоқсандағы қорытынды.

      14. "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы: 2023 жылғы 29 желтоқсан.

      15. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: 2-нұсқа, 2024 жыл.

      16. Бағдарлы қайта қарау күні: 2027 жылғы 15 желтоқсан.

Об утверждении профессионального стандарта в сфере промышленной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 14 февраля 2024 года № 139

      В соответствии с пунктом 5 статьи 5 Закона Республики Казахстан "О профессиональных квалификациях" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить профессиональный стандарт "Деятельность по экспертизе объектов промышленной собственности" согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) в течение пяти календарных дней после подписания настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
А.Н. Ескараев

      "СОГЛАСОВАН"|
Министерство труда и социальной|
защиты населения|
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министра юстиции
Республики Казахстан
от 14 февраля 2024 года № 139

Профессиональный стандарт "Деятельность по экспертизе объектов промышленной собственности"

Глава 1. Общие положения

      1. В соответствии с пунктом 5 статьи 5 Закона Республики Казахстан "О профессиональных квалификациях" разработан профессиональный стандарт "Деятельность по экспертизе объектов промышленной собственности", который предназначен для определения требований к уровню квалификации, компетентности, к содержанию, качеству и условиям труда специалистов экспертной организации, проводящих экспертизы в отношении объектов промышленной собственности и применяется в области интеллектуальной собственности.

      2. В настоящем профессиональном стандарте используются следующие термины и определения:

      1) знание – изученная и усвоенная информация, необходимая для выполнения действий в рамках профессиональной задачи;

      2) навык – способность применять знания и умения, позволяющая выполнять профессиональную задачу целиком;

      3) интеллектуальная собственность – исключительное право, а также личные неимущественные права на результаты интеллектуальной творческой деятельности и средства индивидуализации участников гражданского оборота, товаров, работ или услуг;

      4) профессиональный стандарт – письменный официальный документ, устанавливающий общие требования к знаниям, умениям, навыкам, опыту работы с учетом формального и (или) неформального, и (или) информального образования, уровню квалификации и компетентности, содержанию, качеству и условиям труда в конкретной области профессиональной деятельности;

      5) профессия – род занятий, осуществляемый физическим лицом и требующий определенной квалификации для его выполнения;

      6) умение – способность физически и (или) умственно выполнять отдельные единичные действия в рамках профессиональной задачи;

      7) промышленная собственность – исключительное право на изобретения, полезные модели, промышленные образцы, товарные знаки (знаки обслуживания), географические указания, наименования мест происхождения товаров.

      3. В настоящем профессиональном стандарте используются следующие сокращения:

      ЕТКС – Единый тарифно-квалификационный справочник работ и профессий рабочих;

      КС – Квалификационный справочник;

      ОРК – Отраслевая рамка квалификации;

      ОКЭД – Общий государственный классификатор видов экономической деятельности.

Глава 2. Паспорт профессионального стандарта

      4. Наименование профессионального стандарта: "Деятельность по экспертизе объектов промышленной собственности".

      5. Код профессионального стандарта: M69109.

      6. Указание секции, раздела, группы, класса и подкласса согласно ОКЭД:

      М - Профессиональная, научная и техническая деятельность;

      69 - Деятельность в области права и бухгалтерского учета;

      69.1 - Деятельность в области права;

      69.10 - Деятельность в области права;

      69.10.9 – прочая деятельность в области права.

      7. Краткое описание профессионального стандарта: данный стандарт описывает требования к специалистам экспертной организации, проводящих экспертизы в отношении объектов промышленной собственности.

      Деятельность по экспертизе объектов промышленной собственности – это специализированная область, в рамках которой проводятся экспертные оценки и исследования в отношении различных объектов интеллектуальной собственности. Эта область включает в себя виды экспертиз, осуществляемых с целью получения охраны в отношении объектов интеллектуальной собственности.

      Объекты промышленной собственности могут включать в себя:

      изобретения, полезные модели, промышленные образцы;

      селекционные достижения;

      товарные знаки (знаки обслуживания);

      географические указания;

      наименования мест происхождения товаров и др.

      8. Перечень карточек профессий:

      Специалист по интеллектуальной собственности – 6 уровень квалификации по ОРК.

Глава 3. Карточки профессий

9. Карточка профессии "Специалист по интеллектуальной собственности"

Код группы

2611-3

Код наименования занятия

2611-3-007

Наименование профессии

Специалист по интеллектуальной собственности

Уровень квалификации по ОРК

6

Подуровень квалификации по ОРК

 
-

Уровень квалификации по ЕТКС, КС, типовых квалификационных характеристик

Уровень профессионального образования (специальность)

Высшее образование (6B042 право (юриспруденция, международное право), 6B053 физические и химические науки (физика) и/или послевузовское образование

Связь с неформальным и информальным образованием

Отсутствует.

Другие возможные наименования профессий

Юрист по интеллектуальной собственности

Основная цель деятельности

Рассмотрение заявок и проведение экспертизы на объекты промышленной собственности.

 
Перечень трудовых функций

Обязательные трудовые функции:

1. Проведение экспертизы объектов промышленной собственности

2. Ведение Государственных реестров объектов промышленной собственности

Дополнительные трудовые функции:

-

Описание трудовых функций

Трудовая функция 1:
Проведение экспертизы объектов промышленной собственности

Навык 1:
Рассмотрение заявок на объекты промышленной собственности

Умения:
1. Использовать цифровые инструменты для выполнения профессиональных задач;
2. Проверять правильность заполнения сведений по заявкам;
3. Вести деловую переписку по заявке;
4. Использовать информационные системы для рассмотрения заявки;
5. Изучать представленные материалы и оценивать их;
6. Опубликовывать в бюллетене сведения, относящиеся к заявке на регистрацию объектов промышленной собственности.

Знания:
1. Законодательные и иные нормативные правовые акты Республики Казахстан и международные акты в области интеллектуальной собственности;
2. Методы бизнес-процессов в организации;
3. Принципы функционирования работы автоматизированной информационной системы;
4. Правовые аспекты в части охраны прав интеллектуальной собственности.

Возможность признания навыка

рекомендуется

Навык 2:
Проведение экспертизы по заявкам

Умения:
1. Проводить анализ патентной и иной документации;
2. Определять степень уникальности и новизны технических решений;
3. Проводить соответствующий поиск и сопоставительный анализ по объектам;
4. Составлять экспертные заключения;
5. Составлять отчет и заключения на основе проведенной экспертизы;
6. Проводить экспертизу объектов промышленной собственности;
7. Взаимодействовать со специалистами других структурных подразделений;
8. Проводить исследования согласно установленным нормам;
9. Участвовать в контроле качества проводимых исследований;
10. Учитывать международные стандарты.

Знания:
1. Законодательные и иные нормативные правовые акты Республики Казахстан и международные акты в области интеллектуальной собственности;
2. Международная классификация товаров и услуг;
3. Международные коды для идентификации библиографических данных, относящихся к товарным знакам;
6. Международные коды для идентификации библиографических данных, относящихся к промышленным образцам;
7. Международные коды для идентификации библиографических данных, относящихся к изобретениям и полезным моделям;
8. Перечень двухбуквенных кодов для представления наименований стран и межправительственных организаций;
9. Международная классификация промышленных образцов;
10. Международная патентная классификация.

Возможность признания навыка

рекомендуется

Трудовая функция 2:
Ведение Государственных реестров объектов промышленной собственности и средств индивидуализации

Навык 1:
Владение программно-техническим комплексом

Умения:
1. Пользоваться современными информационно-коммуникационными технологиями.
2. Опубликовывать в бюллетене сведения, относящиеся к регистрации объектов промышленной собственности;
3. Предоставлять выписки из Государственных реестров.

Знания:
1. Принципы работы и порядок ведения Государственных реестров;
2. Основы функционирования работы автоматизированной информационной системы;
3. Законодательные и иные нормативные правовые акты Республики Казахстан и международных акты в области в области интеллектуальной собственности.

Возможность признания навыка

рекомендуется

Требования к личностным компетенциям

Стратегическое и системное мышление
Ориентация на результат/или ориентация на качество
Навыки эффективной коммуникации
Постоянное саморазвитие

Список технических регламентов и национальных стандартов

Связь с другими профессиями в рамках ОРК

Уровень ОРК

Наименование профессии

7

Эксперт по вопросам интеллектуальной собственности

Глава 4. Технические данные профессионального стандарта

      10. Наименование государственного органа:

      Министерство юстиции Республики Казахстан.

      Исполнитель: Ысқақ Ж.Ж., zh.yskak@adilet.gov.kz, 74-09-93.

      11. Организации (предприятия) участвующие в разработке:

      Республиканское государственное предприятие "Национальный институт интеллектуальной собственности" Министерства юстиции Республики Казахстан".

      Исполнитель: Тринколенко А.В., a.trinkolenko@kazpatent.kz, 62-15-09.

      12. Отраслевой совет по профессиональным квалификациям в сфере интеллектуальной собственности при Министерстве юстиции Республики Казахстан: протокол заседания от 15 декабря 2023 года № 2.

      13. Национальный орган по профессиональным квалификациям: заключение от 14 декабря 2023 года.

      14. Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен": 29 декабря 2023 года.

      15. Номер версии и год выпуска: версия 2, 2024 год.

      16. Дата ориентировочного пересмотра: 15 декабря 2027 года.