"Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Өнеркәсіптік меншік объектілерін сараптау жөніндегі қызмет" кәсіптік стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
А.Н. Есқараев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 14 ақпандағы № 139 бұйрығына қосымша |
"Өнеркәсіптік меншік объектілерін сараптау жөніндегі қызмет" кәсіби стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес "Өнеркәсіптік меншік объектілерін сараптау жөніндегі қызмет" кәсіптік стандарты әзірленді, ол өнеркәсіптік меншік объектілеріне қатысты сараптама жүргізетін сараптама ұйымы мамандарының біліктілік деңгейіне, құзыреттілігіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған және зияткерлік меншік саласында қолданылады.
2. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен айқындаулар қолданылады:
1) білім – кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
2) дағды – кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;
3) зияткерлік меншік – зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне және азаматтық айналымға, тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге қатысушыларды дараландыру құралдарына айрықша құқық, сондай-ақ жеке мүліктік емес құқықтар;
4) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;
5) кәсіп – жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;
6) машық – кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;
7) өнеркәсіптік меншік – өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне (қызмет көрсету белгілері), географиялық көрсеткіштерге, тауарлар шығарылған жерлердің атауларына айрықша құқық.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:
БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
БА – Біліктілік анықтамалығы;
СБШ – Салалық біліктілік шеңбері;
ЭҚЖЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы мемлекеттік жіктеуіші.
2 тарау. Кәсіби стандарттың паспорты
4. Кәсіптік стандарттың атауы "Өнеркәсіптік меншік объектілерін сараптау жөніндегі қызмет".
5. Кәсіби стандарт коды: M69109.
6. ЭҚЖЖ сәйкес секцияны, бөлімді, топты, сыныпты және кіші сыныпты көрсету:
М - кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;
69 - құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет;
69.1 - құқық саласындағы қызмет;
69.10 - құқық саласындағы қызмет;
69.10.9 - құқық саласындағы өзге де қызмет.
7. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: бұл стандарт Өнеркәсіптік меншік объектілеріне қатысты сараптама жүргізетін сараптама ұйымының мамандарына қойылатын талаптарды сипаттайды.
Өнеркәсіптік меншік объектілерін сараптау жөніндегі қызмет-бұл әртүрлі зияткерлік меншік объектілеріне қатысты сараптамалық бағалаулар мен зерттеулер жүргізілетін мамандандырылған сала. Бұл сала зияткерлік меншік объектілеріне қатысты күзет алу мақсатында жүзеге асырылатын сараптама түрлерін қамтиды.
Өнеркәсіптік меншік объектілері мыналарды қамтуы мүмкін:
өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер;
селекциялық жетістіктер;
тауар белгілері (қызмет көрсету белгілері);
географиялық көрсеткіштер;
тауарлар шығарылған жерлердің атаулары және т. б.
8. Кәсіптер карточкаларының тізбесі:
СБШ бойынша зияткерлік меншік жөніндегі маман – 6 деңгей.
3-тарау. Кәсіп карточкалары
9. "Зияткерлік меншік жөніндегі маман" мамандығының карточкасы | ||
Топтың коды | 2611-3 | |
Қызметтер атауының коды | 2611-3-007 | |
Кәсіп атауы | Зияткерлік меншік жөніндегі маман | |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 6 | |
СБШ бойынша кіші деңгейі |
| |
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі | – | |
Кәсіптік білім | Жоғары білім (6B042 құқық (құқықтану, халықаралық құқық), 6B053 физикалық және химиялық ғылымдар (физика), және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі | |
Формалды емес және информалды біліммен байланыс | Жоқ. | |
Кәсіптердің басқа ықтимал атаулары | Зияткерлік меншік бойынша заңгер | |
Қызметтің негізгі мақсаты | Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді қарау және сараптама жүргізу. | |
Еңбек функцияларының тізбесі | Міндетті еңбек функциялары: | 1. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жүргізу |
2. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімдерін жүргізу | ||
Қосымша еңбек функциялары: | - | |
Еңбек функцияларының сипаттамасы | ||
1-еңбек функциясы: |
1-дағды: |
Машықтар: |
Білім: | ||
Дағдыны тану мүмкіндігі | ұсынылады | |
2- дағды: |
Машықтар: | |
Білім: | ||
Дағдыны тану мүмкіндігі | ұсынылады | |
2-еңбек функциясы: |
1-дағды: |
Машықтар: |
Білім: | ||
Дағдыны тану мүмкіндігі | ұсынылады | |
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар |
Стратегиялық және жүйелік ойлау | |
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі | – | |
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланысы | СБШ деңгейі | Кәсіптің атауы |
7 | Зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі сарапшы |
4-тарау. Кәсіби стандарттың техникалық деректері
10. Мемлекеттік органның атауы:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі.
Орындаушы: Ж.Ж. Ысқақ, zh.yskak@adilet.gov.kz, 74-09-93.
11. Әзірлеуге қатысқан ұйымдар (кәсіпорындар):
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Орындаушы: А.В.Тринколенко, a.trinkolenko@kazpatent.kz, 62-15-09.
12. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы зияткерлік меншік саласындағы кәсіптік біліктіліктер бойынша салалық кеңес: 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 2 хаттамасы.
13. Кәсіптік біліктілік бойынша ұлттық орган: 2023 жылғы 14 желтоқсандағы қорытынды.
14. "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы: 2023 жылғы 29 желтоқсан.
15. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: 2-нұсқа, 2024 жыл.
16. Бағдарлы қайта қарау күні: 2027 жылғы 15 желтоқсан.