БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты, республикалық мемлекеттік кәсіпорындағы арнайы көлік құралдарының тиістілік нормативтерін белгілеу және автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемшарттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 1585 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17941 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін арнайы көлік құралдарының тиістілік нормативтері бекітілсін.";
бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде жіберу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
А.Н. Ескараев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 17 қазандағы № 869 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 1585 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін арнайы көлік құралдарының тиістілік нормативтері
р/с № | Мақсаты | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - "ЗҚАИ" РМК) филиалдарының атауы | Арнайы көлік құралдарының нормативтері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Автономды электр қуат көзімен, арнайы компьютерлік техникамен, байланыс желілерімен қамтамасыз етілмеген жерлерде Интернет желісіне қол жеткізу құралдарымен жабдықталған, ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларды құқықтық ақпаратпен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жедел баруға арналған жеңіл автокөлік (әртүрлі нұсқалардағы "ZAN" дерекқорын орнату және жаңарту). | "ЗҚАИ" РМК-ның Астана қаласы бойынша филиалы | 1 |
"ЗҚАИ" РМК-ның Алматы қаласы бойынша филиалы | 1 | ||
"ЗҚАИ" РМК-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалы | 1 | ||
"ЗҚАИ" РМК-ның Атырау облысы бойынша филиалы | 1 | ||
"ЗҚАИ" РМК-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы | 1 | ||
"ЗҚАИ" РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалы | 1 | ||
"ЗҚАИ" РМК-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы | 1 | ||
"ЗҚАИ" РМК-ның Қарағанды облысы бойынша филиалы | 1 | ||
"ЗҚАИ" РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалы | 1 | ||
"ЗҚАИ" РМК-ның Қостанай облысы бойынша филиалы | 1 | ||
"ЗҚАИ" РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы | 1 | ||
"ЗҚАИ" РМК-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалы | 1 | ||
"ЗҚАИ" РМК-ның Павлодар облысы бойынша филиалы | 1 | ||
"ЗҚАИ" РМК-ның облысы бойынша филиалы | 1 | ||
"ЗҚАИ" РМК-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы | 1 | ||
"ЗҚАИ" РМК-ның Алматы облысы бойынша филиалы | 1 | ||
"ЗҚАИ" РМК-ның Түркістан облысы бойынша филиалы | 1 | ||
"ЗҚАИ" РМК-ның Шымкент қаласы бойынша филиалы | 1 |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 17 қазандағы № 869 бұйрығына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 1585 бұйрығына 2-қосымша |
Автокөлікті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемшарттары
1. Арнайы компьютерлік техникамен (тасымалданатын жұмыс станциясы, DVD-дубликатор) жарақтандыру.
2. Байланыс желілермен қамтамасыз етілмеген жерлерде Интернет желісіне қол жеткізу құралдарымен жарақтандыру.
3. Компьютерлік техника үшін температуралық режимді қамтамасыз ету.
4. Компьютерлік техника мен Интернет желісіне қол жеткізу құралдары үшін автономды электр қуат көзімен қамтамасыз ету.