Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты, республикалық мемлекеттік кәсіпорындағы арнайы көлік құралдарының тиістілік нормативтерін белгілеу және автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемшарттарын айқындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 1585 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 желтоқсанда № 17941 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы №145 қаулысының 1-4 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін арнайы көлік құралдарының тиістілік нормативтері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 17.10.2024 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемдері анықталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде, қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінде. Эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын және енгізілуін;

      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1585 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін арнайы көлік құралдарының тиістілік нормативтері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 17.10.2024 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №

Мақсаты

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - "ЗҚАИ" РМК) филиалдарының атауы

Арнайы көлік құралдарының нормативтері

1

2

3

4

1

Автономды электр қуат көзімен, арнайы компьютерлік техникамен, байланыс желілерімен қамтамасыз етілмеген жерлерде Интернет желісіне қол жеткізу құралдарымен жабдықталған, ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларды құқықтық ақпаратпен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жедел баруға арналған жеңіл автокөлік (әртүрлі нұсқалардағы "ZAN" дерекқорын орнату және жаңарту).

"ЗҚАИ" РМК-ның Астана қаласы бойынша филиалы

1

"ЗҚАИ" РМК-ның Алматы қаласы бойынша филиалы

1

"ЗҚАИ" РМК-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалы

1

"ЗҚАИ" РМК-ның Атырау облысы бойынша филиалы

1

"ЗҚАИ" РМК-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

1

"ЗҚАИ" РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалы

1

"ЗҚАИ" РМК-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

1

"ЗҚАИ" РМК-ның Қарағанды облысы бойынша филиалы

1

"ЗҚАИ" РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалы

1

"ЗҚАИ" РМК-ның Қостанай облысы бойынша филиалы

1

"ЗҚАИ" РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы

1

"ЗҚАИ" РМК-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалы

1

"ЗҚАИ" РМК-ның Павлодар облысы бойынша филиалы

1

"ЗҚАИ" РМК-ның облысы бойынша филиалы

1

"ЗҚАИ" РМК-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы

1

"ЗҚАИ" РМК-ның Алматы облысы бойынша филиалы

1

"ЗҚАИ" РМК-ның Түркістан облысы бойынша филиалы

1

"ЗҚАИ" РМК-ның Шымкент қаласы бойынша филиалы

1

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1585 бұйрығына
2-қосымша

Автокөлікті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемшарттары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 17.10.2024 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Арнайы компьютерлік техникамен (тасымалданатын жұмыс станциясы, DVD-дубликатор) жарақтандыру.

      2. Байланыс желілермен қамтамасыз етілмеген жерлерде Интернет желісіне қол жеткізу құралдарымен жарақтандыру.

      3. Компьютерлік техника үшін температуралық режимді қамтамасыз ету.

      4. Компьютерлік техника мен Интернет желісіне қол жеткізу құралдары үшін автономды электр қуат көзімен қамтамасыз ету.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады