"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 5 маусымдағы № 05-03/315-И ұсынуы негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласы Тұран ауданы М. Сәрсенбаев көшесі, А. Байтұрсынов көшесі № 85Б үй аумағына және Әл-Фараби ауданы М. Мәметова көшесі аумағында пайда болған құтыру ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 1665 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшысының міндетін атқарушы Т. Мекамбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Кәрімовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Сыздықбеков |