Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 01.07.2024 № 3113 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 03 сәуірдегі № 05-03/192-И ұсынысы негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шектеу іс-шаралары:
1) Шымкент қаласы Тұран ауданы А. Байтұрсынов көшесі № 85Б үй аумағына мысықтан құтыру ауруы анықталуына байланысты;
2) Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы М. Мәметова көшесі бойына аламаннан құтыру ауруы анықталуына байланысты;
3) Шымкент қаласы Тұран ауданы М. Серсенбаев көшесі бойына иттен құтыру ауруы анықталуына байланысты белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы әкімдігінің 06.05.2024 № 2200 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т. Мекамбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Кәрімовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Шымкент қаласы әкімінің | |
міндетін уақытша атқарушы | Қ. Асылов |