"Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ереженің 19-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 114-НҚ бұйрыққа мынадай толықтыру енгізілсін:
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидаларға, көрсетілілген бұйрықпен бекітілген:
3 тармақ мынадай мазмұндағы 5 тармақшамен толықтырылсын:
"5) осы тармақтың 1) - 4 ) тармақшасында көрсетілген тәсілдермен мәліметтерді беру мүмкіндігі болмаған жағдайда электрондық жеткізгіштерде (ақпаратты электрондық нысанда сақтауға, сондай-ақ оны техникалық құралдар көмегімен жазуға немесе тыңдатып-көрсетуге арналған материалдық жеткізгіш)."
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Превенция және талдау әзірлемелері департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қол қойылған кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы |
Ж. Элиманов |