"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 276 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережеде:

      15-тармақта:

      20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) Қазақстан Республикасының табиғи азықтық алқаптарының ірі масштабты (1:1000 – 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлейді;

      21) жерлердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлейді;

      22) жерлерге мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлейді;

      23) электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді;

      24) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану тәртібін әзірлейді;

      25) цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау кезіндегі фотограмметриялық жұмыстар жөніндегі әдістемені әзірлейді;

      26) жерге орналастыру, жерді мемлекеттік есепке алу және жер кадастры мақсаттары үшін 1:10 000, 1:25 000 және 1:50 000 масштабтарында цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау үшін аэрофотосуреттер шифрын ашу жөніндегі әдістеме мен шартты белгілерді әзірлейді;

      27) электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі әдістемені әзірлейді;

      28) топырақты бонитирлеуді жүргізу әдістемесін әзірлейді;

      29) электрондық геоботаникалық карталар жасау жөніндегі әдістемені әзірлейді;";

      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) өтініштің, келісуші мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар қорытындысының, жер учаскесін таңдау актісінің, жер учаскесін бөліп беру схемасының және жер-кадастрлық жоспардың нысандарын әзірлейді;";

      мынадай мазмұндағы 56-1), 56-2), 56-3), 56-4) және 56-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "56-1) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жоспарларын әзірлеу әдістемесін әзірлейді;

      56-2) жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды әзірлейді;

      56-3) жайылымдарды қалпына келтіру, сақтау, ұтымды пайдалану және түбегейлі жақсарту үшін жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мен мониторингтеу, ғылыми-зерттеу, іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;

      56-4) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектісінде орналастырылатын бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді;

      56-5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне жүргізілетін тексерулерді жүргізу графиктерін және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып жүргізілетін профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін әзірлейді;";

      мынадай мазмұндағы 68-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "68-1) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін әзірлейді;";

      76) және 77) тармақшалар алып тасталсын;

      79) және 80) тармақшалар алып тасталсын;

      84-1), 84-2), 84-3), 84-4) және 84-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "84-1) топырақты агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларын әзірлейді;

      84-2) Қазақстан Республикасында суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі мен оны бағалауды және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мелиорациялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін мемлекеттік жүргізу қағидалары мен тәртібін әзірлейді;

      84-3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын әзiрлейдi;

      84-4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша:

      суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізуге арналған заттай нормаларды;

      суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде пайдалану шығындарына арналған материалдар шығыстарының заттай нормаларын әзірлейді;

      84-5) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;";

      84-7) және 84-8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "84-7) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын әзірлейді;

      84-8) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтерді әзірлейді;".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
А. Сұлтанов

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 236 "Об утверждении Положения о Комитете по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан"

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 августа 2024 года № 276

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 236 "Об утверждении Положения о Комитете по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Комитете по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, утвержденном указанным приказом:

      в пункте 15:

      подпункты 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28) и 29) изложить в следующей редакции:

      "20) разрабатывает методику по проведению крупномасштабных (1:1000-1:100000) геоботанических изысканий природных кормовых угодий Республики Казахстан;

      21) разрабатывает методику по проведению крупномасштабных почвенных изысканий земель;

      22) разрабатывает методику по проведению мониторинга земель;

      23) разрабатывает инструкцию по созданию электронных земельно-кадастровых карт;

      24) разрабатывает совместно с государственным органом, осуществляющим государственное регулирование и контроль деятельности в сфере государственной регистрации прав на недвижимое имущество и государственного технического обследования недвижимого имущества, порядка ведения и пользования информационной системой единого государственного кадастра недвижимости;

      25) разрабатывает методику по фотограмметрическим работам при создании цифровых сельскохозяйственных карт;

      26) разрабатывает методику и условные знаки по дешифрированию аэрофотоснимков для составления цифровых сельскохозяйственных карт в масштабах 1:10 000, 1:25 000 и 1:50 000 для целей землеустройства, государственного учета земель и земельного кадастра;

      27) разрабатывает методику по созданию электронных почвенных карт;

      28) разрабатывает методику проведения бонитировки почв;

      29) разрабатывает методику по созданию электронных геоботанических карт;";

      подпункт 34) изложить в следующей редакции:

      "34) разрабатывает формы заявления, заключения согласующих государственных органов и иных организаций, акта выбора земельного участка, схемы отвода земельного участка и земельно-кадастрового плана;";

      дополнить подпунктами 56-1), 56-2), 56-3), 56-4) и 56-5) следующего содержания:

      "56-1) разрабатывает методику разработки планов по развитию и реконструкции объектов пастбищной инфраструктуры и проведению мероприятий по обводнению пастбищ;

      56-2) разрабатывает типовой план по управлению пастбищами и их использованию;

      56-3) организует проведение геоботанического обследования и мониторинга пастбищ, научно-исследовательских, поисковых и проектных работ для восстановления, сохранения, рационального использования и коренного улучшения пастбищ;

      56-4) разрабатывает совместно с уполномоченным органом по предпринимательству акты, касающиеся критериев оценки степени риска для отбора субъектов (объектов) контроля и надзора, проверочных листов, которые размещаются на объекте информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства";

      56-5) разрабатывает в пределах своей компетенции нормативные правовые акты, предусмотренные пунктом 1 статьи 143 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан, а также графики проведения проверок, проводимых на соответствие разрешительным требованиям по выданным разрешениям в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях", и полугодовые списки профилактического контроля с посещением субъекта (объекта) контроля и надзора;";

      дополнить подпунктом 68-1) следующего содержания:

      "68-1) разрабатывает порядок выявления земельных участков, не используемых в соответствующих целях или используемых с нарушением законодательства Республики Казахстан, по согласованию с уполномоченным органом, осуществляющим руководство в сфере обеспечения поступлений налогов и платежей в бюджет;";

      подпункты 76) и 77) исключить;

      подпункты 79) и 80) исключить;

      подпункты 84-1), 84-2), 84-3), 84-4) и 84-5) изложить в следующей редакции:

      "84-1) разрабатывает правила проведения агрохимического обследования почв;

      84-2) разрабатывает правила и порядок государственного ведения мониторинга и оценки мелиоративного состояния орошаемых земель в Республике Казахстан и информационного банка данных о мелиоративном состоянии земель сельскохозяйственного назначения;

      84-3) разрабатывает по согласованию с центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию натуральные нормы агрохимического обслуживания сельскохозяйственного производства;

      84-4) разрабатывает по согласованию с центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию:

      натуральные нормы на проведение мониторинга и оценки мелиоративного состояния орошаемых земель;

      натуральные нормы расходов материалов для эксплуатационных затрат при выполнении работ по оценке мелиоративного состояния орошаемых земель;

      84-5) разрабатывает правила создания и ведения информационного банка данных об агрохимическом состоянии земель сельскохозяйственного назначения;";

      подпункты 84-7) и 84-8) изложить в следующей редакции:

      "84-7) разрабатывает правила оказания платных видов услуг республиканским государственным учреждением при проведении мониторинга и оценки мелиоративного состояния орошаемых земель;

      84-8) разрабатывает тарифы на оказываемые платные виды услуг республиканским государственным учреждением при проведении мониторинга и оценки мелиоративного состояния орошаемых земель;".

      2. Комитету по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление электронной копии настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан;

      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Исполняющий обязанности
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
А. Султанов